«БЕЙІТ БАСЫНДА ТОЙ ЖАСАҒАНДАЙ»

Қоғам
326 Views

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай оқу-ағарту министрлігінің соңғы қоңырау күніне қатысты бұйрығына наразылығын білдірді.

Оның айтуынша, мектептерде соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не 1 маусымға ауыстыру керек.

«Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептерде соңғы қоңырау салтанаты 31 мамырда өтеді. Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиіс министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені қандай өкінішті. Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек», — деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Қазақстанда 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ескеалу күні. Бұл күн 1997 жылы  Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген еді.

Еске салайық, былтыр «Ашық НҚА» порталында оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы бұйрық жобасы жарияланған еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *