«МАМАН СІЗДЕН, ЖҰМЫС БІЗДЕН» қағидатын ұстанған мекеме

Білім Қоғам
313 Views

Су – адам өмірінің маңызды компоненттерінің бірі.

Сусыз өмірің қараң. Көңіліңізді күпті етпей, керісінше көншітетін нәрсе — біздің қалада судан проблема жоқ. Еліміздегі үшінші мега қала ретінде Шымкенттің су тұтыну саласы ең озық технологиялармен қамтылған, әрі ойдағыдай жабдықталған. Біріншіден, қалада ең таза, сапалы ауыз су тұтынылады. Осындай сапалы ауыз су жеткізу қызметі «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мойнында. Бұл компанияны танымайтын тұрғын кемде-кем. Екіншіден, компания жақында өз қызметінде тағы да жемісті қадамдар жасады.

Яғни, 2022 жылдың қазан айында «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС басшысы Анарбек Орман және Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бірлесе жұмыс істеу, нақтырағы, салаға қажетті техникалық мамандарды даярлау, оқыту, кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру бойынша екі жақты меморандумға қол қойған еді. Сол құжаттың қағаз жүзінде қалмай, жүзеге асуы үшін кәсіпорын басшылығы қаланың орта арнаулы оқу орындары – колледждердің жетекшілерімен кездесті. Мақсат біреу – су және кәріз жүйесінің білікті мамандарын даярлау және кәсіпорынға жұмысқа тарту.

Меморандумның талаптарын орындауға жауапты «Смарт-маман» оқу орталығы. Орталық басшысы кәсіптік-техникалық білім ошақтарымен тікелей жұмыс істеу барысында бірқатар күрделіліктер анықталғанын алға тартты. Ол, негізінен колледждерге қойылатын талаптар: зертхананың, қосымша оқу ғимаратының болуы және СЭС талаптары.

Мәселен, «Индустриалды-техникалық колледжі» директорының орынбасары Айтолқын Қаратаева «Бізде лаборатория жоқ, оған лицензия алу қиын» дейді. Бұл сөзбен өзге колледж басшылары да келіседі. Әйтпесе, білікті маман даярлау ортақ міндет. «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС бұл мәселеге келгенде жақсы ұсыныс тастады. Мекеме колледж студенттеріне өз базасын қолдануға рұқсат берді.

Сонымен екі тарап, шешімге келді. Су және кәріз жүйесінің шебері мамандығы бойынша кадр даярлауды жекеменшік колледждер міндетіне алып, оқытады. Ал оларды өндірістік практикадан өткізу, кәсіби даярлау және еңбекпен қамту мекеменің құзырында. Ал құжаттар бойынша Білім басқармасы, оқу орындары мен кәсіпорын бірлесіп жұмыс істейді. Алдағы жаңа оқу жылына бұл келісім нәтижесін беруі керек.

Сондай-ақ, қызметі көпке үлгілі бұл мекеме жақында қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне кәсіпорын нысандары бойынша арнайы ақпараттық тур ұйымдастырды. Алдымен еңбек ардагерлері, қаладағы 5 ауданнан жиналған аға буын — кәріз-тазарту имараттары кешенінің жұмысын көрді. Тазарту қондырғылары кешенінің басшысы Ирина Казаринова қонақтарға кешеннің жұмысы, кәріз ағынын өңдеу кезінде қолданылатын технологиялар және жалпы кәсіпорын жұмысы туралы толымды түрде айтып берді.

Ирина Казаринова «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС шайынды суды тазарту кешенінің басшысы:

— Біз Қазақстанның,тіпті ТМД елдерінің қалаларында жоқ нәрсеге қол жеткіздік, өйткені біз саладағы көп тұстарды жіті қарап, оған қатысты технологияларды енгіздік. Тұтыну барысында су үнемдеуге қажетті есептегіштерді орнатуды бірінші болып бастадық. Бүгінде қалалықтардың 100%-ында су есептегіш құралдары орнатылған. Олар тек тұтынған суы үшін төлейді, — деді.

Ардагерлердің көбі тазарту кешеніне алғаш рет келді – олар үшін бұл ауқымды жаңалық болды. Сұрақтарды да көп қойды. Күнделікті суды, кәріз жүйесін пайдаланғанымен, шайынды түрі қалай өңделетініне, оның қандай жолмен табиғатқа қайта жіберілетініне мән бермейтіні рас. Бұл өзекті мәселенің жолға қойылғанына кеуілі толып қайтты.

Риза болғандықтан еңбек ардагері Намазбай Орманов былай деді:

Әлем су тапшылығының алдын алумен күресуде! Сондықтан Анарбек Орман бастаған бұл ұжым соңғы технологиялармен сәтті жұмыс жүргізіп жатқанына куә болдық! Мұндағы қалдық судың бәрі қайта өңделеді және бәрі өте ұтымды қолданылады! Пайдаланылған тұнба тыңайтқыштарға, ал тазартылған су техникалық дақылдарды суаруға кетеді.

Тазарту қондырғылары кешенін көріп болып ардагерлер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басқармасына барып, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *