Әп-бәрекелді! Чемпиондардың жолын қуған жас өрен — Заңғар Нұрланұлы киелі Түркістан қаласында дүниеге келген. Жастайынан спортқа жаны құмар жеткіншектің жеңістісәттері жетерлік. Ел біріншіліктерін жеңіп, әлемдік жолдамаға қол жеткізіп, Словакияның Трнава қаласында өткен теннистен ITF JUNIORS турнирінің жеңімпазы атанды.
Топты жарғантүркістандық спортшы бұл турнирге ерекше дайындықпен барған. «Қарсыластарым осал болмады, кілең мықтылар жиналған. Әлемнің озық елдерінің спортшыларынаноза шабамын деген үш ұйықтасам да түсіме кірмеді. Қорқыныш сезімі де бойымнанүзілмей қойды. Бастысы бапкерімнің ұстаздарымның айтқанын бұлжытпай орындадым.Осының арқасында жеңіске жеттім дейді» жас спортшы. Финалдық кездесудежерлесіміз словакиялық спортшыны ойсырата жеңіп титулдың иегері атанды. БүгіндеЗаңғардың жасы небәрі 14-те. Жас та болса бас болып жүрген спортшының бүгіндеарманы ерекше. Әлемнің үздік ракеткасы атану. Мұндай таудай талапты арманғабіртіндеп қол жеткізіп келеді. Алдағы уақытта жарыс жолдарында үздіктердіңүздігі атанып. Көк туымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды асқақтата шырқату.Талабы тауға қарай өрмелеген жас жеткіншекке бізде жеңісті жолы көп болсын дептілейміз!
«Әділет — ақпарат».