КАНЕЛОНЫ КЕЗДЕСУГЕ ҚАЙТА ШАҚЫР

Әр алуан
958 Views

 

Біз ақын – жұртпыз:

«Жүйрік аттың қызығы

Малтығып терге бұққанша».

Мақтап жүріп

Көк шапан киген

Головкинді де «тындырдық».

Төрт белбеуін тіккізіп,

Орны толмас іс қылдық.

Барлық күндер – тәуір күн,

Он алтыншы қыркүйек –

Қазақ үшін ауыр күн,

Генаның «жеңілген» күні!

Гена, сен тең ойнадың,

Канелоны соққылап,

Өз еркіне қоймадың.

Кездесу Мексикамен көршілес

Лас-Вегаста өтті,

Сонда сен нені ойладың?

Үш төреші

Биікке жетпей өресі

Канелоға жеңіс әперді.

Сөйтіп,

Қызғаныш пен көре алмаудың

Қайтарымы өтелді.

Біздіңше төреші

Бір елден емес,

Үш елден болу керек еді.

Кездесу

Даулы болған соң,

Шалғай елде өту керек еді.

Үшіншісін сен де

Жақын ел,

Самара не Омбыда өткіз.

Жұлдыз екеніңе

Әлемнің көзін жеткіз!

Головкин балам,

Саған тілеулес айналаң.

Қазақтың қазысын же,

Қымызын іш,

Спорттық бабыңа түс.

Канелоны кездесуге

Қайта шақыр,

Елің жеңілгеніңе сенбейді.

Бізге де келер кезек,

Тек тезірек!

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *