294 Views
Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін осындай болжаммен бөлісті. Вице-министр Ибрагим Күлшімбаев республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі Алматы қаласының 27 тектоникалық бұзылыстарда орналасқанын атап өтті.
“Негізгі қауіпті аймақтар – таулы аймақтар. Медеу, Бостандық аудандарында қауіп жоғары. Ал Түрксіб аймағы қауіпсіз, мен жер сілкінісі кезінде ғимараттардың 60%-ы қирайды дегенмен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша, тоғыз балл және одан жоғары амплитудасы бар жойқын жер сілкінісі кезінде тұрғын үйлердің 30%-ға дейін қирауы мүмкін», — деп түсіндірді Ибрагим Күлшімбаев.