ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ЖАСАЛҒАН ШАБУЫЛДАРДЫҢ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙІН АШТЫ

Қоғам Құқық
362 Views

Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы қазақстандық журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты.

Бұған дейін арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі ұсталғаны белгілі болды. Ол шетел азаматы, білікті хакер болып шықты.

«Жалпы, бұл топ В.Борейко, Г.Бажкенова, Г.Ерғалиева, С.Ибраеваға және басқа да БАҚ өкілдеріне қарсы 30-дан аса арандатушылық шабуыл жасаған. Бұл — көліктерді өртеу, журналистерге, олардың туыстарына және редакцияға қоқан-лоқы және шабуыл жасау, пәтер тонау, DDoss шабуылдар. Қылмыстық топтың мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің және оның жүргізіп жатқан демократиялық реформаларының беделін түсіру үшін БАҚ өкілдері қудаланып жатқандай етіп көрсету болды», — деді ІІМ өкілі.

Ресми мәлімет бойынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-парақшасында былтыр жыл аяғынан бері Қазақстанда журналистерге шабуылдар саны артқанын хабарлады.

«Осыған байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына журналистерге қатысты бірқатар қылмысты жан-жақты тексеруді тапсырды. Соның нәтижесінде журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттерге барған 18 адам ұсталғанын білесіздер. Ел Президенті бұл заңсыз әрекеттерге кінәлілерді ғана емес, тапсырыс берушілерді де анықтау керек екенін атап өтті», — деді министр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *