САРЫАҒАШТА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Қоғам
601 Views

Сарыағаш ауданы, Дербісек елді мекенінде осы күнге дейін ауыз су мәселесі өзекті болыпкелген. Бүгінгі таңда Дербісек елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етумақсатында мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан ауыз су құбырларын тартуқұрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы ретте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысты. Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына ауыз су құрылысының сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Ауыз судың азабын тартқан ауыл тұрғындарына таза ауыз су тұтынатын күн алыс емес. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 15 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Дербісек елді мекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары да тексерілді. Қазіргі таңда аталған елді мекенде тозығы жеткен электр бағаналары мен электр желілерін жаңарту, трансформаторларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме басшысына құрылысты сапалы аяқтауды, анықталған кемшіліктерді мерзімінде түзетуді тапсырды. Аталған жұмыстар аяқталған соң, ауыл тұрғындары сапалы электр қуатын пайдаланады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *