БАС ХАТШЫ СҰЛТАН РАЕВ СКОПЬЕДЕ

мәдениет
13 Views

TÜRKСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Солтүстік Македонияның Мәдениет және туризм министрі Седат Сүлейманиді жаңа қызметімен құттықтады.

TÜRKСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев ресми сапармен Солтүстік Македонияда болып, елдің Мәдениет және туризм министрі қызметіне жаңадан тағайындалған Седат Сүлейманимен кездесті. Бас хатшы Сұлтан Раев Седат Сүлейманиді жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Кездесу барысында TÜRKСОЙ мен Солтүстік Македонияның Мәдениет және туризм министрлігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы хаттама аясында басталған институционалдық әріптестіктің қазіргі жай-күйі талқыланды. Тараптар алдағы кезеңде бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, бірлескен мәдени жобаларды дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Бұршақов пен Түркия Республикасының Скопьедегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Фатих Ұлысой да қатысты.

Ержан УӘЙІС,

«Әділеттің» Түркиядағы арнаулы тілшісі