ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ

Көзқарас Өнер
1410 Views

Театр ересектермен қатар балаларға да қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Олардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов “Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес”– деген болатын.

Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөл мен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі – қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбейтіні. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, ойнар еді, тіл байлықтары да тез молаяр еді.

Мақсат – театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлесулерін қалыптастыру, өмірлі қоң көзқарастарын тәрбиелеу болып отыр.

Міндетіне келсек:

Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

Сөздік қорларын байыту;

Ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;

Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйреткен жөн.

Әдіс-тәсілдері жайында әңгімелегенде:

Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;

Қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктіріп, дайындау;

Қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, костюмдер).

Ата-аналар жұмыс қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы апакалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.

Осы жұмыстарды жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:

Балалар тілі дамиды;

Сөздік қорлары толығады;

Байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

Дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Ендеше, театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін барынша дамытуға болады екен.

Ақмарал МҰСАБАЕВА,

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Тұрар Рысқұлов атындағы №51 жалпы орта мектебі жанынан ашылған шағын орталықтың әдіскері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *