ТЕРІС АҒЫМДАҒЫ СЕКТАЛАРДАН САҚТАНАЙЫҚ!

Дін Көзқарас Руханият
536 Views

Толеранттық – иммунитеттің төмендеуі мен жоғалуына алып келетін ағзаның вирустармен күресуге қабілетсіздігі деген сөз (Үлкен кеңестік энциклопедия, 26 том, 124 бет). Өкінішке орай, біздің қоғамда осы сөздің түпнүсқасына әу бастан мән берілмеді. Соның салдарынан «толеранттық» деген ұғым «шыдамдылық, төзімділік, кеңшілік» деген мағынаға ие болды.

Аңқау халықпыз ғой. «Біз мың өліп, мың тірілген, шыдамды, кеңпейілдіміз. Біз толеранттымыз», – деп бөркімізді аспанға лақтырдық.Кеңес өкіметінің «железный занавесы» құлаған соң шекарамызды бүкіл әлемнің келімсектеріне айқара ашып қойдық.

Содан соң «Толерантты халық әлемдегі барлық діни ұйымдар мен көзқарастарды сыйлау жэне оларды түсінушілікпен қабылдау керек», – деген сылтаумен 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Дін туралы» заңына миссионерлік деген бап енгізілді. Осы баптың арқасында елімізге талай діни теріс ағымдар заңды түрде кіріп кетті де қазір соның азабын тартып отырмыз.

Бұл жерде түсініксіз жайт: негізінде миссионерлік әрекеттер өркениетке (цивилизация) жетпей қалған, жабайы тайпалардың арасында жүргізіледі.

Ал біз Папуа жаңа Гвинеяда тұрмаймыз. Қазақ – Ұлы дала елін атам заманнан қоныстанған, дүниежүзілік өркениетке маңызды және елеулі үлес қосқан, сан ғасырдан бері өзінің тілі, діні, ділі, тарихы, мәдениеті, рухани байлығы бар халық. Сонда бізге не үшін миссионерлік «көмек» енгізілгені түсініксіз?

Бүгінде бұлардың бәріне кім кінәлі, неге қаншама отандастарымыз (әсіресе жастарымыз) Исламды, Христианствоны жамылған діни ағымдардың соңынан ілесіп кетті деп өзімізді айыптап, басымызды тау мен тасқа ұрудын пайдасы жоқ. Мың өліп, мың тірілген қазақ 1001-ретті қалай басынан өткізеді екен? – деген сауал әрбір қазақты терең ойландыру керек.

Қазіргі күні коғамның алдында тұрған бірден-бір маңызды мәселе – халықты, киелі Ислам дінімізді, тілімізді, қазақтың рухани дүниесін сақтау, жаңғырту болып тұр.

2016 жылдың маусым айында Шымкентте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жауапты қызметкерлері жергілікті қоғам белсенділерімен кездесу өткізген. Сонда өз тарапымнан теріс ағымдағы секталардан сақтану мақсатында өзімнің мына төмендегідей ұсыныстарымды айтқан болатынмын:

  1. Қазақстан Республикасының «Дін туралы» заңындағы миссионерлік туралы бапты мүлде алып тастау керек.
  2. Қазақстанға соңғы 27 жылда кіріп, орнығып кеткен теріс ағымның бәрін «деструктивті» деп санау қажет және олардың «қызметін» заңды түрде тоқтату керек.
  3. Терроризм деген баппен сотталған, адасқан азаматтарды абақтыда өзге жазасын өтеушілермен бірге камерада ұстамау қажет. Өйткені, олар қастарында отырғандарға діни жағынан азғыру ықпалын жасауы мүмкін.
  4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің басшыларын ауыстыру керек.
  5. Имамдар, дінтанушылар, заңгерлер, сарапшылар, психологтар, қоғамға жаны ашитын азаматтар халықпен, әсіресе жастармен бірлесіп жұмыс істеу керек.

Кездесулерде секталардың тарихы (секталардың түп-тегі біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-ІІІ мыңжылдықтарда пайда болған), оларды өмірге алып келген күштер туралы ашық мәліметтерді жеткізіп, адамдардың көзін ашу және зомбиланудан қалай қорғану керек екенің үйрету қажет.

  1. Елімізде сектантство деген індет күннен күнге күшейіп, өрши түсуде. Сектант дегеніміз – гипнозбен, сиқырмен (черная магия) уланған, ішіне жын кірген адам. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол – зомби, жанды робот. Ұстаздары қандай бұйрық берсе, соны ғана орындайды.

Мұндай қатерлі індетті тоқтату үшін елімізде арнайы абақты-реабилитациялық орталығын ашу керек. Онда ілімі-білімі күшті имамдар, дінтанушылар, жүректерінде нұры бар азаматтар, психологтар осы індетке ұшырағандармен жұмыс жүргізеді, олардың ішкі жүйке күйзелістерін Құранның күшімен тазалайды.

Ұлы Қазақ даласында жүйке жүйесін емдейтін ауруханалар болмаған. Имамдар психикалық ауыртпалықтарға ұшырағандарды қасиетті Құранның Ясин, Фатиха, Ихлас, Фәлак, Нас, Айатуль Курси, тағы басқа сүрелерімен оқып, сырқатынан арылтқан. Молдалар жеті жасқа толған ұл-қыздарға екі-үш жыл Құранның сүрелерін жаттатқан. Соның салдарынан біріншіден, жас ұрпақ араб әліпбиін үйреніп, сауатын ашқан; екіншіден, сүрелерді күнделікті оқу арқылы бабаларымыз өздеріне қорған қойған. Сондықтан сан ғасырлар бойы халқымыз осыншама ұлан-байтақ жерді иемденіп, оны жан-жағымыздағы елімізге көзін тіккен алпауыт көршілерден сақтап, осы қорғанның арқасында жойылып кетпей, аман қалған. Бұрын бізде өз-өзіне қол салу деген мүлде болмаған. Мұндай әрекет жасаған адамдардың жаназасы шығарылмай, олардың рухтары маза таппаған (неприкаянные души) болып саналған.

Бүгінде жер бетін жайлап алған екі мыңға жуық секталарды күшпен тоқтату әсте мүмкін емес. Мемлекетіміз діни ағымдарға және терроризмге қарсы күресінде діндарларға және қоғамға сүйенуі қажет. Имамдардың ілім-білімін өз елімізде арттыруымыз керек. Сонымен қатар олардың материалдық жағдайларына да көмек көрсетуіміз қажет.

Қазіргі таңда сол ұсыныстапымның 3) және 4) бөлімдері жүзеге асырылды. Қалғандарының орындалуы билік басындағы азаматтардың саяси батылдығына (политическая воля) байланысты болып тұр. «Мемлекетіміз зайырлы, яғни дінсіз, діни сенімдерге араласпайды» деп жүргенде қолымызда барымыздан айрылып қалмайық, ағайын! Діні, ділі, тілі бір болмаған халықтың болашағы кемел болады деп айту қиын.

Несіпжан ӘМІРОВА,

тәуелсіз сарапшы.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *