ТҮРКІСТАНДА АЛАЯҚ ШЕНДІЛЕР ТҰРҒЫНДАРДАН 13 МЛН ТЕҢГЕ ЖИНАП АЛҒАН

Қоғам Құқық
34 Views

Былтыр күзде Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі А.Сапаров пен оныңтанысы М.Сулейменованың алаяқтық қылмыстық әрекеттері әшкереленді.

«Аталған азаматтар 2018 жылдың наурыз айынан бастап 1,5 жыл бойы қала тұрғындарына мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы шығарып береміз деп алдап, алаяқтық жолмен ақшаларын жымқырып келген. Олар өз қызметтері үшін әрбір адамнан 20 000теңгеден бастап 240 000 теңгеге дейінгі мөлшерде сыйақы алып отырған. Осындайжолмен 80 адамнан 5 млн теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемденіп алған»,- делінген ақпаратта.

Одан бөлек, олар Кентау, Түркістан қалаларында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған үйлерден пәтерлер алып беремін деп алдап, 11 адамның 8,2 млн теңгесін иемденіп кеткен. Аталған тұлғаларға қатысты Түркістан қаласының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс қалалық прокуратурамен бақылауға алынып, сотқа дейін жеткізілді

«Жақында Түркістан қалалық сотының үкімімен экс-шенділер Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді»,- делінген ақпаратта.

«Әділет – ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *