АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІНЕ ЖОЛ БЕРГЕН БАС ДӘРІГЕР былқ етпей отыра бере ме НЕМЕСЕ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ БЫЛЫҚТАР

Денсаулық Мәселе
1 012 Views

Сіздің Түркістан облысы әкімі аппаратына 2019 жылғы 1 сәуірде №135 жолдаған хатыңызда көрсетілген деректер бойынша құжаттар зерделеніп, төмендегіні хабарлаймыз.

Хатыңыздағы «Кентау қаласына қарасты Ынтымақ ауылында тұратын Гүлнар Естай есімді жүкті әйел мен оның сәбиіне медициналық көмек көрсетілместен, үйінде көз жұмған» дерегі бойынша:

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Шаға ауылының тұрғыны, 12.09.1997 ж.т. жүкті әйел Естай Гүлнұр Досжанқызы бекітілген халық тіркелімі жүйесі бойынша 11.12.2018 ж. бастап Кентау қалалық емханасында тіркелген, оған дейін Ақтау қаласының Мұнайлы аудандық орталық ауруханасында тіркеуде болған.

Жүктілігі бойынша жүктіліктің 10 аптасында Ақтау қаласының емханасында есепке тұрған, себебі жұмыс барысымен сол қалада болған. Барлық медициналық тексерулерден сол жерде өткен. Кентау қаласы, Шаға ауылына жүктіліктің 25 аптасында келген. Бекітілген халық тіркелімі жүйесі бойынша 11.12.2018ж. тіркелген, жүктілер регистріне 26.12.2018ж. енгізілген.

23.03.2019ж. күні сағат 06.00 шамасында туыстары жүкті әйелдің ес-түссіз бөлмесінде жатқанын көріп, жедел-жәрдем станциясына шақырту жасаған. Жедел-жәрдем бригадасы келгенде биологиялық өлім фактісі анықталған.

Осы мәселеге қатысты, шұғыл түрде Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі — басқарма) басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының м.а. Н.Боранбаева, конфиденциалды аудит З.Утешова, Кентау қалалық емханасының бас дәрігері А.Ақшалов, бас дәрігердің орынбасарлары А.Андабасова, Б.Елеусизова және полиция қызметкерлері, тергеуші, қалалық прокурор қайтыс болған жүкті әйелдің мекен-жайына барған. Жүкті әйелдің ата-анасы, жолдасы және жақын туыстарымен кездесу өткізіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілген. Сұрастыру барысында ата-анасы қызының осы уақытқа дейін ауырмағанын және диспансерлік есепте тұрмағанын айтты. Заң аясында мәйітті сот-медициналық сараптамадан өткізу міндетті екенін жоғарыда аталған қызметкерлермен түсіндіру барысында ата-анасы, туған-туыстары медицина қызметкерлеріне қоятын шағымы жоқтығын айтып, мәйітті сот-медициналық сараптамадан өткізуден үзілді-кесілді бас тартқан. Ата-анасынан тілхат алынған. Мәйіт сот-медициналық сараптамасынсыз жерленген.

Осы оқиға жайлы Басқармамен Түркістан облысының Кентау қалалық прокуратурасына, Түркістан облысының Полиция департаментіне мәлімет беріліп, Г.Естайдың белгісіз жағдайда өз үйінде қайтыс болу себебін анықтап беру сұралған. Одан бөлек, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне және Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне ақпараттық хаттар жолданған.

Хаттағы «…облыстық денсаулық сақтау басқармасына білімді де білікті басшы тағайындау…» дерегіне қатысты:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 15 бабына сай, осы Заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Заңның 26 бабында: «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:

1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;

2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;

3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Сондай-ақ, Заңның 17 бабына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу барысында аталған заңның талаптары басшылыққа алынады.

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімі аппараты Сіздің, облысымыздың денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызметтің сапалық көрсеткішін арттыруға жанашырлық танытқаныңыз үшін алғысын білдіреді.

Берілгенжауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараутәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына және «Әкімшілікрәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына сай, жоғары тұрғанлауазымды тұлға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *