АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ

Таным
2 661 Views

ХХІ ғасырдың алпауыт өзгерістерінде тағам сапасын бақылаубарған сайын қиынға соғуда. Оның себебі – тұтынушы жинау мақсатымен арзан болсада, сапасыз өнімдерін ұсынып отырған өндірушілер. Пайдалы тамақ қолжетімсіз болып, зияндының арзаншылығы арбағанда халық таңдауы бағаға келіп тіреледі.Сапа мен пайда екінші орынға түседі. Осы мақалада біз тұтынатын тағамдар құрамындағы қоспалар, халал мен харам, зиянды мен пайдалыға талдау жасаймыз.

Қант — қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті тәтті, дәмді кристал. Осы кристалды 17 ғасырда «ақ алтын» деп бағалап, тек қалталылардың дастархан сәні және ауру-сырқауларға күш бергіш ретінде қолданса, қазіргі таңда «ақ дұшпан» деп баға береді заман. Оның негізгі себебі осы қанттың адам миына әсер етуі арқылы тәуелділікті туғызып, диабет, артық салмақ сынды ауруларға шалдықтыруы.

Австралиялық актер Дэймон Гамоның «Шекер» фильміндегі мысал бойынша егер дүкендегі қанты бар барлық өнімнен тазартсақ, одан тек 20 пайызы ғана қалады. Бұл ақ қанттың әлемді қаншалықты жаулап алғанының тағы бір көрсеткіші.

Қант артық мөлшерде қабылданатын болса, организмге орасан зор зиян әкеледі: жүрек тамыр жүйесіне теріс әсер етеді, май алмасу бұзылады, диабеттің даму қаупі ұлғаяды, тістері ауырады. Ал сау адамның күндік қант мөлшері 70 грамм екені анықталған. «Қантсыз өмір» атты кітаптың авторы Нэнси Эплтон деген дәрігер қанттың зиянын тізіп шығады. Олар:

1. Қант сіздің иммунитетіңізді әлсіретеді;

2. Бактериялық жұқпаларға қарсы күресуді төмендетеді;

3. Бүйрек ауруларына шалдықтырады;

4. Ағзаңызға хром микроэлементі жетіспейтін болады;

5. Сүт безі, қуықалды безі қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады;

6. Глюкоза мен инсулин мөлшерін көбейтеді;

7. Кальций мен магнийді бойыңызға сіңіруді бұзады;

8. Көзіңіздің көруін төмендетеді;

9. Қан құрамындағы гемоглобиніңізді көбейтеді;

10. Ойық жаралы колит ауруын шақырады;

Осындай ауруларға шалдықпас үшін дәрігерлер оның орнын бал, кептірілген жемістер, үйеңкі шәрбаты, арпадан істелген ашытқы секілді заттармен алмастыруға кеңес береді.

Тәттінің зияны АҚШ-қа да әсер етіп жатыр. Әлем бойынша артық салмақтан зардап шегушілер санымен көш бастап тұрған елде қоғамдық орындардағы обьектілерге (мысалы автобус орындықтары) жаңа XXXL өлшеміндегі қайта жөндеулер мемлекет қалтасына жоспарланбаған шығын әкелуде.

Ал шведтер әлем бойынша тәтті ең көп жейтін халық екен, нақтырақ айтсақ, адам басына жылына 17 келі кәмпит. Бұл европа тұрғынының орта есептегі көрсеткішінен екі есе көп. Ғалымдардың айтуынша осы тәттілер мен дұрыс тамақтанбау салдары 50 мыңға жуық швед балаларында диабет, инфаркт, рак сынды ауруларды туғызып, мерзімінен бұрын көз жұмуға әкеледі.

Осы салдарды қорыта келе Ақш пен Европа елдерінде қазір салықтың жаңа түрі қант салығы қабылданған. Бұл заң тәтті сусын өндіретін компанияларға көбірек әсер етті. 2015 жылы АҚШ-та қабылданған заң бойынша тәтті сусынның салығы әр 30 милилитріне бір центті құрайды.

Қоғамды мазалайтын негізгі сұрақ бұл жүйеден нәтиже болады ма? Әлі күнге дейін нақты зерттеулер жүргізілмесе де, Мексикада тез дайындалатын тағамдар мен газды сусындарды қолдану 10 пайызға төмендегені туралы дерек бар. Жергілікті белсенділер осы арқылы диабет және артық салмақпен ауыратын науқастар санын азайта аламыз деп үміттенеді.

Қазіргі таңда глютен дұрыс тамақтанатын жандардың басты қорқынышына айналды. Глютен қосылмаған деген жазуы бар өнімнің дәрежесі артты. Дегенмен глютеннің не екенін бірі білсе, бірі біле бермейді ендеше талдап көрейік.

Глютен біз ең көп тұтынатын тағамдар құрамына жасырынып адамзат денсаулығына ғасырлар бойы кесірін тигізуде. Анемия, артық салмақ, аутизм, депрессия сынды ауруларды туғызатын осы ақуыз. Шын мәнінде глютенді жауыз қылып отырған оның құрамындағы глиадин. Бұл сөз 60 – 70 жылдардағы ашаршылыққа дейін анықталмаған. Себебі, ол кезде бидай сорты табиғи, қазіргімен салыстырғанда бойшаң еді. Сол кезеңдегі ашаршылықтан қиналған халыққа тағам жеткізу мақсатында, ғалымдар түрлі сынамалардан бидайдың жаңа түрін өмірге әкеледі. Оның бойы аласа, ауа – райын талғамайды, төзімді және бұрынғыдан көп өнім береді. Мәселе шешілді, халыққа ас жетті. Дегенмен енді ол бұрынғы бидай емес, құрамында глиадин бар. Осы ақуыз бөлігі ағзаңызда тәуелділік тудырып, жоғарыда айтылған аурулардың себепкері болады. Бұл туралы дәрігер-кардиолог Вильям Девис «бидай келілері» атты еңбегінде баяндайды.

Глиадин – ерекше ақуыз, біздің ағза оны аминақышқылына (глутамин және пролин) дейін ыдырата алмайды. Оны тек пептидтерге дейін ыдыратуға күші жетеді. Ал пептид тоқ ішекке өз күшімен сіңу үшін тым үлкен өлшемде. Енді ұзын пептидтерді өткізу керек болғандықтан ішек қабырғаларына барынша созылу керек. Ал иммундық жүйеміз оны бөтен ағза деп қабылдап, онымен күресе бастайды.

Сонымен қатар бидай ұнынан жасалған нанның екі тілімі қандағы қант мөлшерін шоколадтың бір бөлігінен де қатты көтереді. Дэвистың айтуынша, бидай өнімін шамадан тыс қолдану ішкі ағзада майдың көп жиналуына әкеліп, жүрек ауруы мен инсульт дерттеріне шалдықтырады.

Шошқа етіне асыл дінімізде харам деп баға берілген. Оның сан түрлі себептерін ғалымдар шошқа етінен келетін зиянның әсеріне саяды. Шынымен де өте көп ауру түрлерін туғызумен қатар ағзадағы Е дәруменін жояды екен. Бұл тіпті адамның мінез-құлқына әсер ететіні анықталған. Е дәрумені мақрұм қалу, махаббат, ғашықтық, мейірім сынды адами қасиеттерден айырады.

Ал сіз шошқа майының кодтық белгілері жайлы білдіңіз бе? Біз дүкеннен құрамын қарамай тұтынып жүрген өнімдерде жиі кездеседі.

Шошқа майы бар қоспалар тізімі:

Е-100 Е-142 Е-334 Е-471 Е-491

Е-102 Е-152 Е-335 Е-472 Е-492

Е-103 Е-153 Е-336 Е-473 Е-493

Е-110 Е-210 Е-337 Е-474 Е-494

Е-111 Е-213 Е-420 Е-475 Е-495

Е-120 Е-214 Е-430 Е-476 Е-542

Е-123 Е-226 Е-431 Е-477 Е-550

Е-124 Е-234 Е-432 Е-478 Е-570

Е-125 Е-252 Е-433 Е-480 Е-572

Е-126 Е-270 Е-434 Е-481 Е-591

Е-127 Е-280 Е-435 Е-482 Е-631

Е-128 Е-325 Е-436 Е-483 Е-632

Е-140 Е-326 Е-442 Е-488 Е-633

Е-141 Е-327 Е-470 Е-489 Е-635

Е-904

Сонымен қатар:

Біз көп тұтынатын Colgate, Camey, Pepsi cola өнімдерінің құрамына шошқа майы мен сұйықтықтары қосылады екен.

Жоғарыда айтылғандар біздің тіршілікте қаптап жүрген зиянды өнімнің бірер мысалдары ғана. «Ас – адамның арқауы», – деген дана халқымыз. Бұлай айтуға негіз бар. Шын мәнінде адам денсаулығының 50 пайызы тамақ сапасына байланысты. Қалған 20 пайызы қоршаған ортаның әсеріне, 20 пайызы тұқым қуалауға және соңғы 10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына тәуелді. Сондықтан, ауырып ем іздегенше не жейтініңізге көңіл бөліп, ауырмайтын жол іздеңіз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *