МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН – БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ

Құттықтаймыз
1 229 Views

Республикалық«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру – сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамысайланды. Бұған дейін бірлестік президенті қызметін атқарған Ерлан БЕКХОЖИН ұйымның Жарғысына сәйкес өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына байланыстыпрезиденттіктен босатылды. Аталмыш клуб президенті ретінде белгілі медиаменеджер,Қазақстан журналистикасы академиясының академигі Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙкандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ, Бас редакторлар клубыныңмүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады. Олардың ішінде –республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық«Әділет. Рухани жаңғыру» газетініңбас редакторы Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (бірінші вице-президент), «Казахстанскаяправда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасыВячеслав ПАШЕНКО, республикалық «Sport»-«Спорт» газетінің бас редакторыДүйсебай ДҮРӘЛІ, республикалық қоғамдық-саяси «Sakhara» газетінің басредакторының бірінші орынбасары Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, белгілі блогер ҒалымБАЙТҰҚ бар.

Біз әріптесіміз Мұратбек Тоқтағазинді осы қуанышымен құттықтап, оған шығармашылық табыс тілейміз!

Республикалық қоғамдық-саяси,

тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *