«ПОЛИЦИЯ ПРЕСТИЖДІ ҚЫЗМЕТ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ»

Қоғам Құқық
962 Views

Алмахан ТЕМІРХАНОВ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндікқауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі:

«ПОЛИЦИЯ ПРЕСТИЖДІ ҚЫЗМЕТ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ»

— Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие. Ішкі істер министрлігінің талаптарына сәйкес заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында және қылмыстың алдын алу үшін көбінесе профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Соның арқасында көптеген қылмыстардың беті ашылды. Біздер арнайы сараптама жүргізіп отырамыз, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс төмендеді деп айтуға негіз бар.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалымен бірлесе отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы аясында жұмыстар атқардық. Әрине, сыбайлас жемқорлықты жоюға, оның түп тамырын үзуге біздің құқық қорғау қызметкерлері тиянақты атсалысып жатырмыз деп есептейміз. Жемқорлықты қоғамнан біржола алыстату керекпіз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, бүгінгі таңда жұртшылықтың полицияға деген сенімі өте жоғары. Біздің ендігі мақсатымыз –құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандартқа сәйкес келетін жаңа жүйесін қалыптастыру. Бұл үшін еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтағанымыз абзал. Бұл күнде полиция саласының қызметкерлерінің қажырлы еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды, осындай салада адал, әрі жауапты қызмет атқарып жатқанына қарамастан кейбір қызметкерлерінің ішінде заң бұзушылыққа жол беріп алатын кездер орын алып тұрады. Алайда біз темірдей тәртіпге бағынамыз, кейде полицейдің өзіне қызмет бабында қауіп төнетін жайттар да болады. Қысқасы, бұл мамандық қиындығымен қоса жауапкершілігі, батырлығы қатар жүретін сала. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің тек мінездемесі, кәсіби біліктілігі ғана емес, сыртқы сымбаты да назарға алынған. Бізде полиция қызметкерінің жағымды имиджін қалыптастыру тұрғысында тыңғылықты жұмыс атқарылуда. Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды.

Бұл күнде полиция қызметін престижді деп айта аламыз. Ендеше тәртіп сақшыларының абыройы асқақ, қоғамда айбынды бола берсін! Төл мереке құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *