«ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР – ҚҰНДЫ МҰРА, АСЫЛ ҚАЗЫНА»

Қоғам
1 419 Views

Шымкент қалалық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандары арасында «Шешендік сөздер – құнды мұра, асыл қазына» атты қазақ тілі білгірлерініңбайқауы өтті. Сайысқа қаладағы аудандық және оған теңестірілген соттардың арасынан 6-10 маманнан құрылған алты команда қатысты. Олар – Әл-Фараби аудандықсотының «Алаш», Абай аудандық сотының «Абай асылдары», Еңбекші аудандық сотының«Жанашыр», Шымкент қаласы Әкімшілік, Қылмыстық және Ювеналдық соттарының «Самұрық», Тергеу тобы мен Қаратау аудандық сотының «Мәртөбе», Шымкент қаласыэкономикалық сотының «Төрелік» топтары болатын.

Лингвистикалық сайыс тіл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік тілдегі процестік сот тілінің сапасын арттыру, сот жүйесінде қазақ тілін жетілдіру және мамандарды шешендік сөздерге үйрету мақсатында жергілікті сот мамандарының арасында ұйымдастырылды.

Бұл байқауға доғарыстағы судьялар – Мейірхан Әміров, Сәбит Жақсылықов, Еңбекші аудандық сотының судьясы Светлана Шиналиева және Соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов (қазылар алқасының төрағасы) пен Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби қазылық етті.

Сайыс алты кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қазылар алқасы қатысушыларға үй тапсырмасы ретінде берілген «Билер соты» тақырыбында жазған эсселеріне баға қойды.

Екінші кезеңде байқауға қатысушылардың ауызекі сөйлеу мәдениеті бағаланып, бұл кезеңде конкурсқа қатысушылардың әрқайсысы өздерін өлеңмен ерекше түрде таныстырып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Үшінші кезеңде сот қызметінің болашағы жөнінде әр команда өздерінің әзірлеп, түсірген бейнероликтерін көрсетті.

Төртінші кезеңде сот мамандарының қазақ тілінің грамматикасын білуі, құжаттарды сауатты жазуы бойынша, олар алған билетте түскен мәтіндерінің қателері тексеріліп, әр топтың жұмысына баға қойылды.

Бесінші кезеңде әр топ ситуациялық сұрақтарға өздерінің ойындағы жауаптарын айтып, тиісті бағаларын алды.

Алтыншы кезеңде әр топ бұрынғы «Билер сотына» қатысты өздері алдын ала дайындаған қойылымдарын сахналады.

Бұл байқауда барлық қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің жоғарылығын, ел тарихы мен мәдениетінен және бұрынғы «Билер сотынан» хабардар екенін, сонымен қатар қазақ халқының бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жақсы білетінін байқатты. Топтардың бәрі өздері әзірлеп шынайы қойылымдары өте әсерлі шығып, барша көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Әсіресе Сымбат Жетесова, Нұрбике Тағаева, Бибажар Мәлікова, Фархад Әбдірайымов өздерінің асқан шеберліктерімен көзге түсті. Абай аудандық сотының өкілі, Шымкент қалалық жастар мәслихатының депутаты Жасмин Әшімова әуелетіп ән салып, іс-шараның ажарын аша түсті. Жалпы, біз мегаполистегі сот саласы қызметкерлерінің өскелең заман талабына сай жан-жақты білімді, талантты, өнерпаз екенін көріп, ерекше сүйсіндік.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Еңбекші аудандық сотының «Жанашыр» тобы (тоңазытқыш), екінші орынды Әл-Фараби аудандық сотының «Алаш» тобы (компьютер комплектісімен), үшінші орынды Тергеу соты мен Қаратау аудандық сотының мамандарынан құралған «Мәртөбе» тобы (үш бұйымнан тұратын «Скарлет» электро құрал-жабдығы) иеленді. Сонымен қатар бұл байқауда айрықша өнерімен бәрімізді тәнті еткен Абай аудандық сотының «Абай асылдары» тобы «Ең ұтымды әзіл» және «Үздік ұлттық киім» аталымдарының, Шымкент қаласының Экономикалық сотының «Төрелік» тобы «Көрермен көзайымы», ал Шымкент қаласының Әкімшілік, Қылмыстық және Ювеналдық соттарының «Самұрық» тобы «Үздік қойылым» аталымының иегері атанды. Байқау соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, ал өзге қатысушыларға – түрлі аталымдар мен кәдесыйлар табыс етілді.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *