ӘКІМДЕР ЕСЕП БЕРЕДІ

Билік
790 Views

2020 жылғы 14 ақпан күні сағат 11.00-де Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-діңМәдениет сарайында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 2019 жылыатқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді.

Осыған орай сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде облыс, аудан, қала және ауылдық округ әкімі аппараты ғимараттарында орнатылған жәшіктерге салуға, электронды форматта Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдау парақшасына (@Omirzak.Shokeev), t.akimat@ontustik.gov.kz электронды поштасына немесе 8 702 198 53 23 нөміріне «WhatsApp» желісі арқылы жолдауға болады. Сондай-ақ, сауалдарыңызды, ұсыныс-пікірлеріңізді облыс әкімі аппаратының 8(72533) 5-98-90, 5-92-40 телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, жазып жіберуге болатынын хабарлаймыз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2020 жылғы 14 ақпанда сағат 11.00-де Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10/2, «Түркістан» сарайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп береді.

Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады. Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды поштасына жазып жіберулеріңізге болатынын хабарлаймыз.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *