АБАЙ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мерей Құттықтаймыз
1 275 Views

Кең байтақ Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниенің төрт құрлығында 175 жылдығы жан-жақты аталып жатқан Ұлы Абайдың есімі ғұлама ойшыл, ақын, ұлтымыздың әдебиетінің негізін қалаушы ретінде қазақ тарихында мәңгі қалады.

Қазақ халқы қастерлейтін ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы мен тіршілігі, дүниетанымы, тілі, рухы жан-жақты көрініс тауып, шын мәнінде Абай әлеміне айналып отыр.

Жақында ұлт мақтанышы һәкім Абайды жан-жақты насихаттаудағы ерен еңбектері үшін бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының өкілдері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Алтын медальмен марапатталды.

Айтулымарапатқа Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің алқа мүшесі, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығыныңлауреаты, Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының Бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек ие болды.

Еркін Жаппасұлы,

жазушы,

Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *