АЖАРЫ АЙШЫҚТЫ АРЫС

Мерей Қоғам
1 152 Views

Теміржолшылардың тарихи қаласы – Арыстың іргетасы қаланғанына биыл 65 жыл толып отыр. Арыстықтар қазір осы мерейлі мерейтойғақызу дайындық үстінде. Мерекелік шаралар қараша айында жоспарланғандықтан, бізгазетіміздің бұл санында Арыстың той алдындағы қарбалас сәтінен үзінді репортажберуді ұйғардық. Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызы бастаған әкімшілік жұмысшы топ күндіз-түні тынбай мерейтой қамына кіріскен. Жағымды жаңалықтаркөп. Алдымен қаланың іргесі қалануына аянбай тер төккен еңбек ерлеріне арналған ескерткіштердің ашылуынан бастайық.

«ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА – ҰРАН»

Арыстың атақты Арыс қаласы болып қалануына үлес қосқан тұлғалары бар. Олардың есімін ұмытуға әсте болмайды. Сондықтан аға ұрпақтың құрметіне бұл күндері Арыс қаласында ескерткіш мүсіндер қойылды. Яғни, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Арыс қаласының 65 жылдығы қарсаңында қала орталығында орналасқан «Батырлар алаңында» ерен еңбектерімен есімдері ел есінде қалған 4 Социалистік Еңбек Ерлерінің мүсіндері тас тұғырға орнатылып, аттары айшықталып жазылды.

Мұндағы мақсат – даңқты азаматтардың өмірі мен қызметін кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Салтанатты рәсімді қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ашты. Сондай-ақ рәсімге қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Т.Бинашев, дербес бөлім басшылары және Еңбек Ерлерінің ұрпақтары мен қала тұрғындары қатысты.

Ескерткіштердің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімі Г.Мамытқызы Еңбек ерлерінің кәсіби біліктілігі мен адами қасиеттерін тілге тиек етіп, олардың өмір жолынан кейінгілерді үлгі алуға шақырды.

— «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — ұран» десек, мұның бәрі — аға ұрпақтың ерлік істерін ешқашан естен шығармау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар. Қаламыздың өркендеуіне үлес қосып жүрген әрбір тұрғындарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Кейінгі жас ұрпақты тек адал еңбекті сүюге шақырамын,- деді қала басшысы.

Еңселі ескерткіштерде Кеңес Одағының Социалистік Еңбек Ері атағын алған Арыс азаматтарының мүсіні бейнеленген. Олар қажырлы да қажымас еңбектерінің арқасында Социалисттік Еңбек ері атағын алған Артық Есқожаев (1890-1963 жж.), Шырымбек Жұмабеков (1900-1964жж.), Айту Досымбеков (1894-1970жж.), Қапал Құттыбеков (1897-1979жж) еді.

Әриен, елі үшін аянбай еңбек еткен атпал азаматтардың еңбектері бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге екені сөзсіз!

ПАРАВОЗ — ШОЙЫН ЖОЛДЫҢ СИМВОЛЫ

Сондай-ақ, 65 жылдық мерейтой күні қаладағы дендросаябақта теміржолшылар құрметіне орай тарихи алып паравоз макеті ашылады деп күтілуде. Қазір тарихи паравозды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Теміржол саласында бұрынғы паравоздар қолданыстан шығып кетіп, олардың орнын электровоздар басқанмен, ежелгі паравоз — шойын жолдың символы ретінде қала бермек. Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова бастаған топ, яғни «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының өкілдері мен әкімдіктің бөлім басшылары қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен шаһар басшысы қалаға кіре берістегі «Дендросаябақтың» алдында орнатылған паровозды әрлеу жұмысының жай-жапсарымен танысты.

Мұнан соң «Көктем-2» тұрғын ауданындағы құрылысы қызу жүріп жатқан бес қабатты, 60 пәтерлі №7, 8, 10, 11 тұрғын үйлерде және «Теміржолшылар» саябағында болды. Қала әкімі Гүлжан Мамытқызы тиісті сала мамандарына құрылыс жұмыстарын күнделікті бақылауға алып, уақытылы аяқтауын қадағалауды және құрылыс жұмысын жеделдету қажеттілігіне көңіл бөліп, жұмысшы күшін көбейтуге барынша ықпал жасайтындығын айтты.

Құрылыс басына арнайы барып, жоспарланған шаруалардың мән-жайына қаныққан қала әкімі тұрғындардың игілігіне бағытталған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын тапсырды. Сонымен қатар жұмыстың сапалы болуы қажеттігіне айрықша көңіл бөліп, нысандардың сырт келбетіндегі сәніне де назар аудару керектігіне тоқталды.

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕННІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Қала және ауыл тұрғындары үшін медициналық қызмет сапалы және қолжетімді болмақ. Сондай-ақ, Арыс қаласына қарасты Дермене ауыл және Саналы елді мекенінде заманауи талапқа сай медициналық емдеу-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды.

Кешеннің іргетасын қалау рәсіміне қала басшысы Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихаттың хатшысы Амантай Байтанаев, «Verum» ЖШС компаниялар тобының басшысы Әлішер Есмағанбетов және жергілікті тұрғындар қатысты. Жалпы құны құрал-жабдықтарымен қоса есептегенде жарты млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба – Арыс қаласы әкімдігі мен «Verum» медициналық компаниясының өзара бекіткен меморандумы аясында жүзеге асады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «медицина саласына инвесторларды тартып, озық технология мен жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек» деген болатын. Осыған орай, қаржысын ауылға құйып, Арыс қаласына қарасты елді мекенде сапалы медициналық қызмет көрсетем деген инвесторларға біз әркез қолдау көрсетуіміз керек. Нәтижесінде, халықтың денсаулығы нығайып, өмір сүру сапасы жоғарылайды», – деді қала әкімі Г.Құрманбекова.

Жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын кешенде алғашқы медициналық көмек пен күндізгі және тәуліктік стационар, оңалту орталығы, институт пен колледж студенттері үшін медициналық база орналасады. Ең бастысы, жоба аясында кемі 100 жергілікті азамат жұмыспен толық қамтамасыз етіледі.

Тағы бір айта кетерлігі, мұндай клиника өңірде алғашқылардың бірі болып салынып жатыр. Заманауи кешен пайдалануға берілген соң, тұрғындар компьютерлік томографиядан өту үшін Түркістан мен Шымкентке барып әуреге түспейді. Сонымен қатар, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтің игілігін Арыс тұрғындары ғана емес, көршілес Ордабасы ауданының тұрғындары да көретін болады.

ТАЗАЛЫҚТАН ТӘН ДЕ, ЖАН ДА ЖАСАРАДЫ

Арыс қаласында жолаушылар көлігі саласындағы кемшіліктерді реттеу мен халықтың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында қалалық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары бүгінге дейін 6 аялдаманы толықтай жаңартты. Алдағы уақытта тағы су жаңа 8 аялдама салынады.

Жалпы, қала бойынша ай соңына дейін 34 аялдаманы пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай,тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімінің ұйымдастыруымен қазаннан айынан бері қалаішілік қоғамдық көлікқозғалысы қайта жанданды.

Құралай ИСЛАМҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *