АЙТУЛЫ АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ ЕДІ…

Өмір-өзен
516 Views

Белгілі қоғам қайраткері, руханият жанашыры Амангелді Айталы өмірден озды дегенді естігенде тұла бойымыз күңіреніп, қабырғамыз қайысып қайғырдық. Өйткені ол кісі ұлтымыздың рухын көтеріп, елдіктің ұтымды сөзін айтып жүрген, қара қылды қақ жарған, әділдікті ту еткен халқымыздың біртуар қасиетті азаматы еді! Айталының өмір жолы, халыққа жасаған ісі, Парламентте және жүздеген конференцияларда сөйлеген сөзі біздің жадымызда жатталып қалды. Ұлтымыздың бойындағы жағымсыз әрекеттерді сөзінің философиялық талдауымен білдіріп, жақсы мен жаманды халыққа айырып көрсете білетін шебер жазушылығы да бар еді.

Мен ол кісімен аға-інілік достық қарым-қатынаста болдым. Шымкентке өзім бастаған талай ғылыми конференцияларға келіп қатысып, үлкен аудиторияларда ұлағатты тәмсілдерін айтып, халық ұйып тыңдап, жүрегімен қабылдағанын көзіміз көрді. Осындай есіл азаматтың дүниеден өткеніне ел болып егіліп отырмыз.

Атын танитын, жасын сыйлайтын қалың ел-жұрт ол кісінің әруағына көңіл айтып, жарық дүниеде жасаған игі істеріне ризашылықтарын білдіріп жатыр. Жатқан жері жайлы топырағы торқа болсын, алды ашық пейіш, арты кеніш болсын, ардақты асыл ер!

Бекет ТҰРҒАРАҰЛЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *