БАҚҰЛ БОЛ, ӘЗ-АҒА!

Өмір-өзен
853 Views

Беу, жалған өмір-ай! Мынау өмірде кісіге жасаған таудай жақсылықтарың мен игі істерің ғана естелік болып қалады екен. ӨмірзақПердебекұлы ағамыз осындай жаны жомарт, кең жүректі азаматтың бірі де бірегейіеді, әттең! Жан-жағына ағалық қамқорлығын аямаған, жетім мен жесір көрсе жанықалмай жебеген Өмірзақ ағаның жүрегі кенеттен тоқтап қалғанын естігенде, ес жияалмай есеңгіреп қалдық. Жазмышқа не шара! Өмекең Түркістан облысы мен Шымкентқаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірдің көркеюіне мол үлес қосқанкөрнекті тұлға еді. Облыстық мәслихатының 4 бірдей шақырылымының депутаты болып, қоғамдық кеңесті басқарған ел ағасы, Түркістан облысының, Шымкентқаласының «Құрметті азаматы» Өмірзақ Пердебекұлы Мелдеханов 70 жасқа қарағаншағында арамыздан бақилыққа аттанды.

Халыққа сіңірген еңбегін ел ұмытпайды ешқашан. Өмірзақ ағамыздың жаны жәннаттық болғай, ізінде қалған ұрпағы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

«Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық саяси-қоғамдық газеті редакциясының ұжымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *