БЕС ЖЫЛДА 15 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Білім
841 Views

ҚР Тұңғыш Президенті– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бұл заман – білекке емес, білімге сенетін заман», – деген болатын. Ал сол білімді терең игеріп, нәтижесін көрсетуүшін білім ордасының маңызы зор. Мектептердің жетіспеушілігі – еліміздің қазіргі өзекті мәселелерінің бірі.

Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында алдағы 5 жыл ішінде қалада 15-ке жуық мектеп салынады. Оны жергілікті бюджет есебінен инвесторлар қаржыландырады. Бұл қаладағы үш ауысымды мектептерді болдырмау үшін жасалатын болады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының мектептерінде 194 000 бала білім алуда. Жыл сайын мектепке 10 000-нан астам бала келеді. Мектептер толып, нәтижесінде қалалық 19 мектепте балалар үш ауысымда білім алуға мәжбүр. Бұл өзекті мәселе Шымкент қаласының Кешенді даму жоспарында іске асырылатын 4 бағыт бойынша білім беру жүйесін дамыту жобасына енгізілді. Ол 10 бағытты қамтыды.

«Бес жылда 23 000 оқушыға арналған 15 мектеп салынады. Жақында Пахтакор шағынауданында жеке кәсіпкер бір мың орындық мектеп құрылысын аяқтады», – дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Мегаполисте демографиялық өсімді ескере отырып, келесі жылы да мектеп тапшылығы сезіледі деп күтілуде. Шымкентті дамытудың Кешенді жоспарын Үкімет мақұлдады. Бұл аталған мәселе уақыт өте келе шешіледі дегенді білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *