ДӘНДІ ДАҚЫЛ МЕН МАЛ АЗЫҒЫ МЕЖЕГЕ САЙ ЖИНАЛУДА

Экономика Қоғам
286 Views

Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округіндегі Мұрат шаруа қожалығы биыл 35 гектар суармалы алқаптың 30 гектарына мақта, қалған бөлігіне жоңышқа мен дәнді дақыл еккен.

Шаруашылық басқарушысы Роман Мәдібектің айтуынша биылға жүгері дақылынан гектарына 200 цн алу көзделген.

«Ағын судың былтырмен салыстырғанда уақытылы берілуі, табиғаттың шаруаларға жайлы болуы өнім көлемінің артуына сеп болды», дейді қожалық иесі.

Еліміздің күнгей өлкесінде жүгері дақылы негізгі бағалы мал азығының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, оның физикалық қасиетін жақсартатын дәнді дақыл.

Айта кетерлігі, биыл аудан бойынша 318 000 тонна мал азығын жинау жоспарланған. Қазіргі таңда 221 400 тонна (69 пайыз) жем-шөп жиналды. Оның ішінде 20 400 тонна сабан, 8 400 тонна пішендеме, 91 200 тонна табиғи шөп, 101 400 тонна жоңышқа алынған.

Алдағы тамыз, қыркүйек айларында жоңышқа дақылының 3-4 орымы басталып, сүрлемдік жүгері және сабан жиналса, жоспар межеден артық орындалмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *