Қандай болмасын мемлекеттің конституциялары мен басқа да заңдарында өз азаматтары мен басқа да адамдардың құқыларын қорғап, белгілі бір мұқтаждарын қанағаттандыратынына сендіреді әрі кепілдендіреді. Оның аумағында құрылған саяси партиялар, қоғамдық, діни және тағы басқа бірлестіктер, сонымен қатар әртүрлі нысандағы ұйымдардың жарғыларында, өз мүшелерінің жарқын болашағына қызмет ететіндерін дәріптейді. Соларға сәйкес қысқа және ұзақ мерзімдік бағдарламалар түзеді, жоспарлар қабылдайды. Ондағы идеяларын жүзеге асыруға барша халықты үгіттеп, қозғау салады, ұйымдастырады және олардың мүмкіндіктері мен күш-қуаттарын сарқа пайдаланады.
Мемлекет бар жерде, оның Конституциясы, Заңдары мен нормативтік құқылық актілері, сонда-ақ халықаралық шарттарында анықталған шегінде қудалау, мәжбүрлеу және жазалау болатыны белгілі. Кейде мемлекеттік билік тізгінін ұстағандар мен жеке-дара «құдірет» иелері, өздері қалыптастырған жүйе мен ұстанған бағыттарын қорғап, саяси-қоғамдық, өндірістік-экономикалық, ұлттық-әлеуметтік… жоспарларымен қатар, жеке бастарының қызығушылықтарын жүзеге асырып отырған. Онда негізінен, беделді бақталастары, қуатты қарсыластары мен басқа да «жауларының», «зиянкестердің», «қауіптілердің» құқыларын бұзып, қуғын-сүргінге ұшыратып, қызметтен ығыстырып, ар-намыстарын таптап, қоғам мен елден аластатып немесе «өз еркімен» кетуге мәжбүр еткен, әр түрлі сипаттағы түрмелерге жапқан. Өздері жауап бермеу үшін, кейде оларға әртүрлі кемшіліктер, қателіктер, айыптар, қылмыстар мен жауапкершіліктерді таңып, оның растығын билік жүргізу органдары мен қоғамдық ұйымдарды, құпия қылмыстық топтарды, солармен қатар психиатрия қызметін медициналық емес мақсатта қолданған.
КОМПАРТИЯЛЫҚ ҚАНТӨГІС
Осы жерде бұрынғы КСРО мен оның құрамындағы он бес республиканың оң-теріс істері, жетістігі мен кемшілігі, дамуы мен дағдарысқа ұшырауы, күшеюі мен күйреуі туралы В. Франклиннің: «Әлемдегі ұлы уақиғалар, соғыстар, революциялар және тағы басқаларды саяси партиялар жасайды және жүргізеді. Партиялардың көзқарастары, олардың ағымдағы ортақ мүдделерімен немесе олар өз мүдделері деп қабылдаған қағидалармен анықталады. Партия өзінің ортақ мақсаттарын іске асырып жатқанда, әрбір адам өзінің ерекше жеке мүдделерін көздейді.
Партия қалай өз мақсатына жетеді, солай әрбір адам өзінің жеке пайдасының қамын ойлай бастайды. Сонысымен ол өзгелермен қарама-қайшылыққа түседі де, партияда жікке бөліну басталады. Бұл бұрынғыдан зор былықпайды тудырады», — дегенін еске алуды сұранып тұр.
Тарихтан 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін патша ұрпағы мен таптық жаулар ретінде, БТК (ВЧК) тізімімен Ресей интеллигенциясы мен дворяндардың, Орыс православия шіркеуінің Синодтық мүшелері – митрополиттер мен епископтардың, Романовтар үйінің Ұлы княздарының атылуы, ұлттың алдыңғы қатарлы ақсүйектері мен көзі ашық азаматтардың Нева өзеніне батырылғаны белгілі (Ленинградское дело №666 А.Богданов. Санкт-Петербург).
Большевиктер партиясының, сондай таптық дұшпандарын қырудан бастау алған күресі, партияға жат деп есептеген әртүрлі «зиянкес элементтер»: «террорист, диверсант, шпион, агент, халық жауы, сатқындар, партияға қарсы топтарды» іздеп, тауып, анықтап, жазалағаны белгілі.
Бұлардың ең соңғы түрі, негізінен КСРО МҚК төрағасы мен КОКП ОК Бас хатшысы қызметін Ю.В.Андропов атқарған 1967-1982 және одан кейінгі жылдары күшейіп, өршіп, шегіне жеткен. Ол ел арасында, әсіресе әділетқұмар, ұлтжанды, теңдік, тәуелсіздік, жалпы қауіпсіздікті қолдап-қорғаушы зерек, қырағы әрі батыл тұлғаларға қатер туындатқан.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ҚАСТАНДЫҒЫ
Шетелдің сарапшылары компартиялық-кеңестік үкімет басшыларының жоғарғы эшелонында, күш қолдану құрылымдарында 1925-1940, одан кейінгі 1960-1985 жылдары параноялдық атмосфера, сатқындық пен екіжүзділік психология қалыптасқан деген пікірлер айтқан. Мүмкін, ол өзара дұшпанкөз капиталистік және социалистік лагерлер көшбасшыларының бір-бірінің беделдерін түсіріп, тұғырларының түбіне «су құюлары» да болар. Бірақ, қалай да ойландыратын жәйт екені анық.
Сол шетелдік сарапшылар айтқан «паранояның» не екенін нақтылай түсу үшін, энциклопедия мен дәрігерлік-құқықтық әдебиеттердегі анықтауларды сөзбе-сөз келтіруді жөн көрдім. Оларда: «Параноя-стойкое психическое растройство, проявляющееся систематизированным бредом.., (Мысалы, социалистік қоғамды толық құрдық, енді коммунизмді 1980 жылы құрамыз дегендей). Все факты, противоречащие бреду, отмечаются; каждый, кто не разделяет убеждения больного (Мысалы, деспот, диктатор, тиран…), квалифицируется им как враждебная личность…», — деген ғылыми-дәрігерлік тұжырымның кімдерге қатыстылығын әркім өзі пайымдар (Энциклопедия; «Право и психотерапия», Москва. «Юридическая литература» 1991г.).
Компартияның сондай ахуалдағы керенау көсемдері, Кеңес Үкіметінің «қызыл комиссарлары», «сұр саққұлақтары», «қара кардиналдары» мен басқа да «Рамон Маркадерлері» қазан төңкерісінен кейінгі, әсіресе 1937-1938 жылдардағы жөнсіз саяси қуғын-сүргіннің мемлекеттік қылмыс пен жалпыхалықтық қасіретке айналғаны үшін, әйтеуір бір күні жауап беруге тура келетіндерін кеш те болса түсінді… Сондықтан саяси бәсекелестері мен таптық дұшпандарына қолданған «халық жауы» ұғымының өз қызметін атқарып біткеніне әрі әшкереленіп қалуына байланысты, оны басқа мазмұндағы атаумен алмастыру қажет болды. Ондай атау табылды да…
1937-1938 жылдары сол «халық жауларының» көпшілігінің Мәскеудегі Орталыққа қарапайым халықтың, әсіресе алыс аймақтардағы азшылық ұлттардың мұң-мұқтаждары мен төзгісіз, апатты жағдайларын жөндеу үшін күресіп, арызданғандары, кейде мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты мен оның басшылығына қарсы сын айтқаны үшін аяусыз айыпталғаны белгілі. Сөйтіп, Мәскеу мүддесіне жұмыс жүргізген жүйе қағидатынан өзгеше ойлаушыларды қудалап, жазалап, үндерін өшірудің XX ғасырлық «жаңа технологиясы» — «жынды» деп жариялап, психоневрологиялық диспансер есебіне негізсіз, кейде сырттан алу өмірге келді және жүйелі түрде іске қосылды. Ол жөнінде 1990 жылдары КСРО ДСМ Бас психиаторы қызметін атқарған А.С. Карпов: «Когда то, видимо «дальновидный» работник догодался, что наиболее рациональный способ борьбы с жалобщиками, — это постановка на психиатрический учет наиболее упорных жалобщиков. И все смешалось в кучу…» — деген.
КСРО МҚК төрағалығы, кейіннен КОПК ОК Бас хатшысы қызметін Ю.В.Андропов атқарған кездегі Компартия, МҚК мен психиатрияның өзара байланыс қызметтерін айқындай түсейік.
Ондай «жалобщиктердің» кімдер болғанын немесе олардың қатарына кімдердің жатқызылғанын бұрынғы КСРО МҚК қызметкерлері А.С.Левченко мен О.Д.Калугиннің: «При Ю.Андропове в составе КГБ было организовано принципиально новое управление — Пятое главное управление: «диссидентское» или «идеологическое» для выявления и радикального искоренения инакомыслящих. Второе главное управление — Третье направление определяет, кому из советских граждан может быть разрешен выезд за границу и т.д.», — дегені аңғартса керек.
Сербский атындағы «Жалпы және сот психиатриялық БҒЗИ» бөлім меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Б.В.Шостако-вичтің: «Вся сложность в том, что регламентированные инструкциями принципы диспансерного учета приводят к ограничению ряда прав больных. …многие права лиц, находящихся на психиатрическом учете, ограничивались в нашей стране уже самим фактом учета: получение водительских прав, поездка за границу, возможность усыновления и т.д., — дегені қуаттай, дәделдей түседі.
Ал «начиная с 1967 года были организованы вновь, либо расширены многочисленные психиатрические лечебницы. Без какого бы то ни было суда, не затрудняясь себя поисками «доказательности вины», психиатры-гебисты получили возможность отправить людей в заключение на любой срок…
Они в состоянии пустить в ход «оружие» (не огнестрельное), которым они всегда работали. Это, прежде всего, свою агентуру, политический аппарат помощников, который имеется в любых сферах партии и общества, начиная от академиков и кончая милиционерами, от Священного Синода, до спортсменов, от военноначальников до музыкантов.
…партийный аппарат, начиная с самой верхушки и вплоть до среднего звена, пронизывают структуры КГБ. …но мы этот лозунг (коммунизм құру идеясы үшін құрбан болу — өлу ұраны деп түсініңіз. Автор) трансформировали в лозунг: «не умереть за идею, а убить за идею». По-прежнему существует этот симбиоз сращивания партийного аппарата с КГБ» — дегенінен «дальновидный» работниктердің» қандай ұйымның қызметкерлері болғанын және психиатриялық ауруханалар қызметін не үшін, кімдерге қарсы пайдаланғаны анық көрініп тұр емес пе?
Осы жағдайдағы қудалаулардың себептері мен нақты мысалдары, нәтижелері туралы, қайта құру кезеңінде, орталық және республикалық БАҚ, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тарапынан көптеп көтерілді. Жалпы, сол 1970-80 жылдардағы КСРО-да қалыптасқан ішкі-сыртқы саяси-қоғамдық, ұлттық-экономикалық және т.б. жағдайларға байланысты шет елдерге, әсіресе АҚШ-қа «ақылдың ағып кету» кезеңі болған (М.С.Горбачевтың американ журналисті Т.Брокаумен әңгімесі).
ҚУҒЫНДАР КӨЗ ЖАСЫ МЕН КИЕСІ
Кеңес қоғамында «әлеуметтік қауіптілігі күшті» диссиденттерді мәжбүрлеп емдеуге жатқызатын, арнайы психиатриялық түрмелердің алғашқысын НКВД 1939 жылы Қазан қаласында ашқан. Содан кейін психиатриялық «Гулаг» жүйесі дамып, Ресейдің көптеген қалалары мен одақтас республикаларда да салыну қарастырылған.
Қазақстанда 1938 жылы «КАРЛАГ, СТЕПЛАГ, АЛЖИР» және тағы басқа 9 түрмелер мен ауруханалар болса, ал 1955 жылы олардың саны 33-ке жеткен. Оның қазір артқаны немесе кемігені туралы бізде дерек жоқ және оны білу мүмкін емес сияқты.
КСРО-ның НКВД жүйесіне қарасты арнайы ауруханалар, кабинеттер мен саяси тұтқындар түрмелерінде емделетін және есепте тұратын 4,5-5,5 млн. психикалық аурумен зардап шегеді деген адамдардың 2 млн-ға жуығы жазықсыз зардап шеккендер болды. 1970 жылдары ІІМ-нің барлық арнаулы ауруханаларында 3350 саяси тұтқындар ұсталды. Саяси-қоғамдық, ұлттық-әлеуметтік, өндірістік-экономикалық және т.б. таным-тілектері мен нақты әрекеттеріне қарай, оларға негізінен психопатия, параноя мен шизофренияның оншақты түрлерінің әртүрлі формалары мен варианттары ойлап табылған әрі қойылған.
Қойған диагноздарының көріністері (симптомы) ретінде: реформаторлық сандырақ, философиялық интоксикация, яғни марксизм мен ленинизмді қоса философияны тереңдете оқу, өз мүмкіндігін жоғары бағалау, өнер, білім, дін, саясат, экономика, ұлт мәселесіне ерекше қызығушылық, кеңес шындығына сенімсіздікпен, жалақорлықпен қарау әрі ол туралы жоғарғы орындарға арыз-шағымдар түсіріп, оның сатқындық екенін түсінбеу, мәнерлілік, өкпешілдік, ашуланшақтық, ашқарақтық, сылбырлық, қайсарлық… және т.б. көрсететін болған.
Бұл кімнің болса да, әсіресе әділдік, шындық, теңдік пен тәуелсіздік және т.б. Конституциялық құқылары үшін күреске бейім, дайын тәуекел еткен әрі күресіп жүрген тұлғалардың ескеріп, абайлап әрекет ету керектігін көрсетеді. Оны растай түсу үшін, КСРО ІІМ эксперті, м.ғ.к. А.А.Ковалевтың диалогынан сөзбе-сөз үзінділер келтірейін: «…В результате практически любой человек, выбивающийся из общей массы нестандартным мышлением, экстравагантностью, наконец, правдоискательством, мог быть объявлен психически больным со всеми вытекающими отсюда последствиями.
… навешивание за любую критику ярлыка «клевета» ясно показывает, что наша психиатрия сама долгие годы была больна (Психиатрия и право. Москва. 1991 год. стр.200-213)».
Егер жоғарыдағыдай заңсыздықтар мен құқықбұзушылықтарды, адамдарды көрмей сырттан ПНД есебіне алып, психикалық диагноздар қойылу фактілерінің болғанын ескерсек («Психиатрия и Право» стр. 34: Москва. 1991 год; «Заключение судмедпсихиатрической экспертизы» Ленинград. 1991 год; Решение Дзержинского районного суда г.Шымкента. 1991-1992 годы), сол миллиондаған адамдар өздерінің ПНД есебінде қашан, не үшін алынғандарын, қандай диагноз қойылғанын және есептен қашан шығарылғанын білмеулері де, әрі көпшілігінің рухани дендері сау болулары мүмкін.
Жоғарыдағылар КСРО мен оның құрамында болған одақтас республикаларда, сондай-ақ Қазақ КСР-індегі компартиялық — кеңестік үкімет пен оның билік жүргізу жүйелері психиатрияны дәрігерлік емес, саяси мақсатта пайдаланғанын дәлелдейді. Ол 1965 жылдан бастап «диссидент» атанған, Үкіметтің ішкі-сыртқы саясатына сын айтып әділдік, теңдік пен ұлт-азаттық үшін табандылықпен күрескендер мен шетелге кетушілердің «қажеттілерінің» үндерін өшіріп, көздерін жоюда ең қолайлы, құпия қолданылатын әрі оқ атпай-ақ «тірідей өлтіруге болатын» қаруға айналды. Ол жөнінде 1989 жылдың 12-19 қазанында, Афиныдағы Дүниежүзі психиаторлар ассоциациясының Бас Ассамблеясында ашық айтылды. Оны КСРО Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде мойындады (Право и психатрия…).
ЕҢСЕ ТҮСІРЕТІН ЕСЕРЛІК
Сол кездерде Кеңестер Одағының саяси-қоғамдық құрылымның болашақсыз, зиянды ерекшеліктері мен оның жеке дара басшыларының ел еңсесін түсірер есерліктерін де қызғыштай қорғау немесе үнсіз қалу МҚК, ІІБ, әскери комиссариаттар, партия мен кәсіподақ ұйымдары қызметкерлерінің көпшілігі мен тексіздеріне тән болды. Оған сынай қарап, қарсы пікір айтқан тәуекелшіл, текті азшылыққа «Аяз би» ертегісіндегідей «жаман адам» кебінін кигізуді психиаторлар көмегімен оп-оңай жүзеге асырды. Тарих ғылымдарының кандидаты, КСРО Сыртқы істер министрлігінің «Халықаралық адам құқығы және ынтымақтастығы жөніндегі басқармасының» эксперті А.А.Ковалевтің мына бір: «Навещивание на любую критику ярлыка «клевета» ясно показывает, что наша психиатрия сама долгие годы была больна», — деген пікірі дәрігер-психиаторлардың да «сау сиырдың б…» болмағанын аңғартады.
Жоғарыда келтіргенімдей, олар сондай қастандықтарымен өмірімнің «орда бұзар» кезеңін қиындық пен қатерде ұстағанымен, діттеген қара ниеттері — жасанды «жындылар» қатарына қоса алмады. Коммунист — құдайсыз атеисттердің айтқаны емес, Аса Құдіретті Жаратушының жарлығы орындалды.
Сондай құпия жасалған қастандықты 15 жыл өткенде біліп, оның негізсіздігі мен заңсыздығын дәлелдеуге қажетті құжаттар — Мәскеудің «Халықаралық тәуелсіз психиатириялық зерттеу Орталығы» мен Ленинградтың (Санкт-Петербор) «Эксперттік комиссия дәрігерлерін жетілдіру институтының» қорытындыларын жинақтадым (1989-1991ж.ж.). Соларды негізге алып, Шымкент қалалық психоневрологиялық диспансері мен оның тиісті дәрігер-психиаторларына ар-намысты қорғау талап арызын қойдым. Оны 19.08.1991 ж. және 23.09.1993 жылдары қараған Дзержинский (Әл-Фараби) аудандық соты: «Согласно названной экспертизе А.Күмісбек психической болезнью с 1969г. не страдает и не страдал. По психическому состояние никаких ограничений в трудоустроистве А.Күмісбек не имелось и не имеется.
Иск А.Күмісбек к Жумалиевой Бибигул Елеуовне, Жаворонко Любовь Петровне и Богдановой Галине Павловне удовлетворить.
Жумалиеву Б.Е., Жаворонко Л.П., Богданову Г.П. обязать принести А.Күмісбек публичное извинение за незаконную постановку его на учет в психоневрологический диспансер и признание страдающим психической болезнью.
Извинение принести в письменной форме путем направления А.Күмісбек письма на фирменном бланке Чимкентского психоневрологического диспансера за подписью Жумалиевой Б.Е.„ Жаворонко Л.П., Богдановой П.», — деп көрсетті. Сот шешіміне сәйкес ондай кешірім сұралды, материалдық-моральдық залалдар өндірілді.
Одан кейінгі зерттеулерім мен талап етулерім нәтижесінде менің 1972 жылдан бергі тыныс-тіршілігім мен талап-тілектеріме Ленгір аудандық және Шымкент қалалық әскери комиссариаттары, облыстық МҚК, ІІБ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық басқармасы, прокуратура қызығушылық танытып, қадағалап, ПНД-нен өздеріне «қажетті» анықтамалар алып, мені нысанада ұстап отырғандары анықталды. Оны олар өз хаттарымен растады (02.05.02 ж. №2-23/84-к, 05.05.02. №05-3478; 15.05.02 ж. №5/2-к, 15.05.02 №8/146-02; 24.04.02 ж. №02090).
Олар өзара келісе әрі топтаса жүзеге асырған қара ниеттері мен қылмыстық құрамы бар істерін бүркемелеп, жауыздықпен таңылған диагноздарды шын етіп көрсету үшін басқа ұйымдар қызметкерлері мен жеке-дара тұлғаларды да тартқан екен. Олардың тек маған арам пиғылдағы өндірістік — партиялық мінездеме жазып, партия қатарынан шығару мен басқа да қарсы бағыттағы тапсырысты жұмыстарды орындауда ерекше белсенділік танытқандарын ғана келтіруді жөн көрдім.
ӨЗ ХАЛҚЫН ҚАРАЛАП, ЖАТҚА ҚОР ЕТКЕНДЕР
Мысалы, облыстық партия комитетінің қызметкері Г.Сегізова кәмелетке толмаған қыздарымды кабинетіне шақырып алып, маған қарсы шығуға азғырған. Әкелерің емдеуге жатпайтын әрі жазылмайтын аурумен зардап шегеді деген. Сол Г.Сегізова кейіннен Шымкент қаласының білдей судьясы – әділ қазылық ету «тағына» отырды. Ж.Зортаев Еңбекші аудандық партия комитеті атынан қатысып, «Фосфор» ӨБ-нің мені партиядан шығару жиналысына бағыт-бағдар беріп, оның барысын қадағалаған. Ол кейіннен облыстық партия ұйымы қызметіне жоғарылатылып, маған қатысты арам пиғылдағы теріс анықтамаларды КОКП ОК партиялық бақылау комитетіне жеткізіп, ондағы менің партиялық дербес ісімнің қаралуына кедергі жасаған.
Сол кездегі менің ісім мен жағдайымнан хабардар, бұрынғы Еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің қызметкері А.М.Әлішев әлі де кездесе қалса алынбаған кегі бар, қас дұшпанындай қарайды. Бұрынғы Кеңес үкіметіне қалай «адал» қызмет етіп, Одақтың түбіне жеткеніндей, енді тәуелсіз республикамыздың басшылығы мен облыс әкімшілігінің беделіне, Қазақстан болашағына да тура соны істеуде сияқты…
Еңбекші аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Рузанов 1985 жылы мені партиядан шығару бюро мәжілісінде: «Жеті перзентіңді аяймын, әйтпесе «бір жаққа» жөнелтіп, көрсетер едім саған ұлт мәселесін көтергенді. Ондайлардың (ОҚО партия комитетінің бірінші хатшысы А.Асқаров пен тағы басқа ұлттық кадрлар үстінен тергеу амалдары жүріп жатқанын ескерткені ғой) жағдайынан хабарың жоқ екен…», — деп қоқан-лоққы көрсеткен. Ол кейіннен Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атанды.
1985 жылдың желтоқсан айында, менің партиялық дербес ісімді қараған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мырзашев жүргізген бюрода, оның мүшесі Алипова К.Т.: «…Иә, мұндай «аурумен» зардап шегетіндердің перзенттері күшті қабілет танытып, өте жақсы оқи береді…», – деген пікір айтып, партиялық дербес ісімді қараусыз қалдыруды ұсынған болатын…
Кейіннен, яғни осыдан 5-6 жылдай бұрын, «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында өткен жиында сол Алипова К.Т.: «…Құрметті жиналысқа қатысушылар! Осы қазақтардың жүрген, отырған жерінде темекі, насыбай шегіп тастап, қақырмай, түкірмей, айналасын қоқыс етпейтіндерін көрдіңдер ма?…» — дегенін естіп, көргенмін. Сонда оған мен: «…Осы сөздеріңіз үшін Сізді сотқа беруге құқығым бар. Сіз қазақтарды басқа ұлттардың алдында жермен-жексен етіп жығып бердіңіз.
Сол қақырып – түкіретін қазаққа Сіз де, мен де және тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевта жатады. Сіздің жалпы қазақ ұлтына ондай масқара сөз айтуға негізіңіз де, дәлеліңіз де жоқ. Ондай сындар негізді болғанның өзінде әрбір адамға қатысты дербес айтылып, оған нақты дәлелдер келтіруі тиіс», – дегенмін.
Алипова К.Т. ол сынды орынды деп мойындаған болатын. Бірақ, оның сол күнгі сынымен 1985 жылғы бюродағы сөзіне қарағанда, ол өмір бақи қазақты келемеждеп, мұқатып, кемсітіп, сынап тәрбиеледім дегенсіп, компартия мен кеңес үкіметінің алдында беделін арттырып, қызметінде өсіп, «абырой» жинағанға ұқсайды…
Ал кейбіреулер оны Оңтүстіктің төрт ханшайымның немесе «төрт қарлығашының» біріне теңеп, мадақтауда…
ӨЗДЕРІ «АУРУ» АДАМДАР
Облыстық ПНД учаскелік дәрігер-психиаторы В.А. Матяжев пен Алматы дәрігерлік институтының психиатрия кафедрасының меңгерушісі, профессор, республика психиаторларының «пірі» Г.И. Зальцман сырттай, еш тексерусіз психикалық диагноздар қойған. Дзержинский (Әл-Фараби) аудандық сотының соттары К.Ш.Тәшенова мен Р.И.Капкаева менің облыстық ПНД дәрігер-психаторларына қойған ар-намысты қорғау талап арызымды қарағанда қиянаттар жасады. Р.Капкаева психиаторлардың «арбауынан» сырқаттанып, дәрменсіздік танытып, оның ыза-кегін менен алды. Аурухананың бас дәрігер-психиаторы Б.Жұмалиева мен бөлім меңгерушісі Л.Жаворонко оны: А.Күмісбек өзін-өзі ұстай алмастан, амбулаторлық карточкаларды жыртып немесе өртеп жіберуі мүмкін», — деп үрейлендірулерінен Р.Каннаевнаның қан қысымы артып, басым ауырады деген сылтаумен істі қараудан бас тартқан.
ӘДІЛЕТТІҢ ТУЫН КӨТЕРГЕНДЕР
Бұларға керісінше, іс тығырыққа тірелгенде, алда болуы мүмкін қатер мен қиянатты ескертіп, сол кездегі облыс прокуроры В.Ф.Шведюк пен қалалық соттың соты В.И.Миллер дұрыс бағыт-бағдар берді. Олар менің барлық істерім мен талап-тілектерімнің қаралмауына әрі оң шешім қабылданбауына кедергі болып тұрған ПНД есебіне алынуым мен қойылған психикалық диагноздар екенін түсіндірді. Мәскеу мен Ленинградтың тәуелсіз, жаңаша ойлап, әділ шешім қабылдауға ерік-жігері жететін, интеллектуалдық потенциялары жоғары мамандарына жүгіну қажеттігін ұсынды. Сондай азаматтықтары үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Себебі, олар қалыптасқан жағдайға терең талдау жасап, шындьіқты айтты. Мүмкін, менің рухани денімнің саулығы мен қойған талап-тілектерімнің заңдылығына сенген де болар.
Ал, менің ар-намысымды қорғау күресімді қолдап, жоғарғы парасаттылық пен біліктілік танытып, белгілі бір жауапкершілікке тәуекел еткен Ленинградтың (Санкт-Петербор) ардагерлер кеңесінің мүшесі И.Ю.Горина, прокурорлары Д.М.Веревкин, Б.П.Кочетов, Жоғарғы Кеңес депутаты, генерал И.Ф.Клочков пен «Сот-дәрігерлік эксперттік комиссия дәрігерлерін жетілдіру институтының» кафедра меңгерушісі Р.М.Войтенко, дәрігер-эксперттер А.А.Склизков пен В.Г.Саковская, Мәскеудің «Халықаралық тәуелсіз психиатриялық зерттеу орталығының» президенті М.Г.Царегородцев пен оның қызметтестеріне аса Құдіретті Жаратушының нұр шапағаты жаусын деймін.
Осылармен қатар, кезінде жалпы әділетті қолдап, мені қорғап, кезінде өз пікірлерін білдірген бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары мен тілшілеріне ризашылығымды білдіремін.
ЖУРНАЛИСТ «ЖАНСЫЗДЫҚ» ТАНЫТТЫ
Ал, 09.02.1990 жылы қолма-қол табыс етілген, мені «Фосфор» ӨБ-де партиядан шығару жиналысы хаттамасының (18.09.1985ж.) танысуғаберген түпнұсқасын өзіме қайтармаған, «Литературная газета» газетінің меншікті тілшісі Л. Самойленконы МҚК тыңшы агенті болған шығар деуге негіз бар. Оған өмір өз жазасын берер.
ЖАҢАРҒАН, ЖАҢҒЫРҒАН ЕЛ БАСШЫЛАРЫНА!
Осылардың бәрін қорыта келе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, халықаралық келісім-шарттары, Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық Кеңесі мен БҰҰ «Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей Декларациясына» сәйкес, сонымен қатар әрбір мемлекеттің әкімшілік, азаматтық және қылмыстық кодекстеріне орай, орын алған және сот тұрғысынан дәлелденген бір ғана жаңа қылмыс түрі анықталғанда, соған қатысты жаңа заң қабылдануы немесе қолданыста барына толықтыру енгізу тиістілігін заң шығару органдарына тікелей арызданып, БАҚ-да жарияланған материалдарда жеткізгенмін.
Осы мәселені ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қарап, Үкіметі мен Парламенті ондағы депутаттар зерттеп: «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңның 1, 3-баптарына «…сонымен қатар еш тексерусіз, негізсіз әрі сырттай психикалық диагноздар қойып, заңсыз ПНД есебіне алынған адамдардың бәрі ақталған адамдар деп жарияланады», — деп толықтыруды, соған сәйкес 13, 22, 24-баптарына да тиісті өзгертулер енгізу мәселесін қарап, шешуді ұсынғанмын. Бірақ олардан хабар болмады.
Егер осы ұсыныстың негізділігі зерттелмесе және аталған заңға тиісті өзгеріс енгізілмесе, орын алған осындай құқық бұзушылықтан хабардар мемлекеттік заң шығарушы органдар мен оны қадағалаушы жоғарғы лауазым иелері әрекетсіздік танытты, әрі оны алдағы уақытта құпия қылмыс жасау құралы ретінде пайдаланылуына мүдделі деп есептелуі тиіс.
Себебі, қандай бір болмасын саяси-қоғамдық, әлеуметтік-тұрмыстық, ұлт-азаттық, моральдық-құқықтық іс-әрекеттері мен идеясы үшін адамның өзінің күресуі ерікті, сот үкімімен жазалануы немесе өлтірілуі дәлелді, ал «жынды» деп жариялау негізді болуы шарт. Олай болмаған жағдайда, оған қатысты таратылған ақпарат пен заң талабына сай беріліп, тіркелген арыз толық тергеліп, кінәлілерге жауапкершілік жүктелуге жататынын бірнеше рет жазғанмын.
Бірақ оған мемлекеттің жоғарыда аталған тиісті органдары қатарынан прокуратура мен сот қана «негіз жоқ» деген жауаптар берген деді, Аманқұл Күмісбекұлы.
Аманқұл КҮМІСБЕКҰЛЫ,
Шымкент қаласы.
РЕДАКЦИЯДАН: Аманқұл Күмісбекұлы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қаратас (Елтай) ауылының тумасы. Білімі: жоғары-техникалық, ҚазХТИ-ді 1968 жылы бітірген. Отбасылы. Жұбайы Ділдәкүл Тұрсынбекқызы екеуі 4 ұл, 4 қыз көріп, тәрбиелеп, барлығының жоғары білім алуына жағдай жасаған. Олардың тұрмыс құрғандарынан 30-ға жуық немере, шөбере көрген 75 жасқа толған ата.
Зейнеткерлігімен қатар Республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының, «ALFA-NUR» ҒЗО жеке қорының төрағасы. «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ақпараттық қамсыздандыру және қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.