ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕР

Қоғам
1 036 Views

М.Атамбаев 1972 жылы Алматыдағы жоғары оқу орнын қаржы-несие мамандығы бойынша бітірген. 1975 жылы Түркістанда қалалық партия комитеті ашылған кезде соған инспектор болып орналасады. Көп ұзамай бөлім бастығы болады. Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың арнайы жолдамасымен Алматыдағы жоғары партия мектебіне оқуға жіберіледі. Оны бітіргеннен кейін аудандық халықтық бақылау комитетіне өкіл болып орналасады. Бұл қызметті 8 жыл бойы атқарады. Халықтық бақылау комитеті тарағаннан кейін аудандық кеңес төрағасының орынбасары, кейіннен банк меңгерушісі болып істейді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Павловтың бұйрығымен 1996 жылы Түркістан қалалық салық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалады. Осылайша ұзақ жылдар бедерінде еселі еңбегімен көзге түседі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, ұзақ жылғы мінсіз мемлекеттік қызметі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай Максут Атамбаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Әріптесімізді осы жоғары наградасымен құттықтаймыз!

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *