КӘСІПКЕРЛІКТІ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Қоғам
336 Views

Ордабасы ауданы әкімі Нұрбек Бадырақовтың аудан аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасына орай құрылған мобильдік топтың отырысы өтті.

Мобильді топ жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен кездесуге бірқатар қаржы ұйымдарының басшылары қатысты.

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған талдау шараларын тиімді пайдалануды мақсат еткен жиында кәсіпкерлікті дамыту және несиелендіруге көмек беру жайы сөз болды.

Қаржы ұйымдарының мүшелеріне ауыл округтерден келген шаруа қожалық иелері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды.

Алдағы күндері аудан тұрғындарын жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Жиналысқа қатысушылар ұйымдастыру алқасына кәсіпкерге қажетті қаржыландыру бағдарламаларына қатысуда кепілдік талап ету, қағазбастылық, жобаны қолдаушы екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының кредиттік пайызының көптігі жөнінде өзекті сауалдар қойылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *