ЕҰУ-ДЫҢ 18 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Білім
23 Views

IAAR халықаралық аккредитациясынан өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті салиқалы ғылыми зерттеу университеті ретінде Қазақстандағ жоғары оқу орындары арасында өзін дәлелдеп келе жатыр. Сонымен қатар жасанды интеллект дәуірінде жаңа білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағытында да жаңашылдыққа толы ірі қадамдар жасауда.

Соның бір дәлелі, жақында — 2026 жылғы 30 сәуірде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Аккредиттеу кеңесінің шешіміне және халықаралық аккредиттеу талаптарына сәйкес «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-ның 18 білім беру бағдарламалары 5 жылға аккредитациядан өтті (оның ішінде 13 білім беру бағдарламасы (қайта) аккредиттеу және 5 білім беру бағдарламасы бастапқы аккредиттеуден өтуі еліміздегі ғылыми қауымдастықты елең еткізді.

Бакалавр, магистратура, докторантура бойынша келесі білім беру бағдарламалары халықаралық талаптарға сәйкес оқу үдерісінде қолдануға болатындығы туралы шешім шығарылған.

Олар: 6B11405 — Әлеуметтік жұмыс; 7M11405 — Әлеуметтік жұмыс; 6B03103 — Психология; 6B02201 — Философия; 8D02201 — Философия; 6B03214 — Қоғаммен байланыс; 6B07532 — Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша); 7M07532 — Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша);

6B06112 — Жасанды интеллект технологиялары; 7M06112 — Жасанды интеллект технологиялары; 8D05305 — Ядролық физика; 7M01512 — Химия;

7M01513 — Биология; 6B02124 — Медиаөнер (Бастапқы аккредиттеу;)

6B03206 — Спорт журналистикасы (Бастапқы аккредиттеу); 7M02207 — Дін психологиясы (Бастапқы аккредиттеу;) 7M06120 — IT саласындағы бизнес-аналитика (Бастапқы аккредиттеу); 8D03107 — Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент(Бастапқы аккредиттеу.)

Кафедралар мен университет қызметкерлерін, профессор,-оқытушыларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтулерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жемісті еңбек, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

 

Балжан АРИНОВА,

«Әділеттің» Астана және Ақмола облысы бойынша

арнаулы тілшісі, Халықаралық Журналистер Одағының мүшесі