ЖАҢҒЫРУ БАСТАУЫШТАН БАСТАЛАДЫ

Рухани жаңғыру
433 Views

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімі мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістаноблысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігінарттыру институтының педагогтары арнайы курстарда біліктілігін артырып жүргенбастауыш сынып мұғалімдерімен пікір алмасты.

Онлайн форматта өткен кездесуде Ұлттың жаңғыруы кезеңіне өткен Бағдарламаның арнайы жобаларын бастауыш сынып сабақтарына, негізгі пәндеріне енгізу барысы кеңінен айтылды.

Рухы мықты, білімі терең, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың орны да, рөлі де басым. Жаңғыру – мемлекет пен қоғамды ішінен жаңартудың, адамның санасын өзгерту арқылы елге жаңа сапа беретін бағдарлама. Бұл бағдарлама ұлттық сипатта, бірақ, жеке тұлғалық деңгейде іске асады. Яғни, қоғамдық сана, жеке тұлғалық сананың өзгеруі негізінде іске асады. Олай болса, ұрпақ тәрбиелеу, Азамат өсіру, білім беру жұмысымен қатар жүреді. Сол себепті, Рухани жаңғырудың басты тірегі – ұстаздар.

ZOOM желісі арқылы өткен кездесуде қалалық «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева бағдарлама аясында қолға алынған жобаларды жіті түсіндіріп, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мәнісін жіктеп берді.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы бағыттарын санаға сіңіру балабақшадан, бастауыштан қолға алынып, этика және эстетика негіздері, «Туған елім – Қазақстан», Кітап оқуға құштар мектеп, Экологиялық ағарту, Ұлттық тәрбие жобасы бойынша жұмыс жүргізу жолдарына тоқталды.

Зәуре Оралбаева, «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі: «Бұл ретте, мектеп ұстаздары, балабақша тәрбиешілеріне артылар жүк үлкен. Балабақшада бүлдіршіндердің дүниетанымы мен зердесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалім саналы шәкіртті ұядан баптап ұшыру үшін – терең тарих пен кемел келешекті ойлап, санамен таразылап білім бергенде ғана мақсатқа қол жеткізе алады. Елге сүйіспеншілік, ата-анаға қамқорлық, кітап оқуға, оқу мәдениетіне құштарлық, табиғатты аялау, қоғамдық санасын жаңғырту, тарихқа, елге деген құрмет, өзгелерге мейіріммен қарау, жақсыны көру қасиеттерін балабақшадағы кезінен қалыптастыруға тер төксек, нәтижесіз болмайды. Алдағы уақытта да «Өрлеу» орталығымен бірлесе балабақша, бастауыш сынып оқушыларына ашық сабақтар, ұстаздарға семинар-тренингтер өткізіп, балалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға дайынбыз».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *