ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫН ҚОРҒАЙТЫН ҰЙЫМ

Құқық
1 094 Views

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов 2019 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз брифингін өткізді.

Кәсіподақтың негізгі мақсаты: жұмысшылардың құқын қорғау, еңбек ұжымында еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмыс берушілердің жұмысшыларға жағдай жасау талаптарын енгізу, зейнетақы қорына қаржы аудармай қолма-қол нақты ақша алуды жою немесе көлеңкелі бизнестен ашық бизнеске өтуді қолдау, жұмыс берушілердің жұмысшыларға ай сайын жалақыларын мерзімді төлеуін қамтамасыз ету және жалақы қарыздарын болдырмау, сондай-ақ адам өміріне қауіпті және зиянды жұмыстарда жұмыс істегендері үшін қосымша төлемақы алу талаптары бойынша жұмысшылар құқықтарын қорғау.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен байланыста жұмыс жасайтын жалпы 2070 кәсіподақ ұйымы бар. Соның 10-ы Түркістан облыстық және екеуі Шымкент қалалық салалық кәсіподақтар бірлестіктері мен филиалдары, 44-і аудандық филиалдар, өкілдіктер мен жергілікті кәсіподақтар және 2014-і бастауыш кәсіподақ ұйымдары.

Жалақы қарыздары бойынша

Шымкент қаласы бойынша

Үшжақты комиссиямен жалақы қарыздарын шешу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесі бойынша 2019 жылдың басынан бері 9 мекеменің 819 жұмыскер алдындағы 121,8 млн. теңге жалақы қарызы болса, 6 айдың қорытындысымен оның саны 3 мекемеге азайды және 740 жұмыскердің 107 млн. теңгеге жалақы қарыз өтелді.

Дегенмен, 2019 жылдың 6 айында 6 кәсіпорында 79 жұмыскердің алдында 14,6 млн. теңге жалақы қарызы қалып отыр.

Бұдан бөлек Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда қала бойынша банкроттыққа ұшырап (оңалтылып, таратылып) отырған 3 кәсіпорында 73 жұмыскер алдында 12,20 млн. теңге өтелмеген жалақыдан қарызы қалып отыр.

Өндірістік жазатайым оқиғалар туралы

Оңтүстік өңірі бойынша:

2019 жылдың 6 айында өңір бойынша жазатайым оқиғалар саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20 оқиғаға азайды.

Соның ішінде Түркістан облысы бойынша 7 оқиғаға азайды, ал Шымкент қаласы бойынша 13 оқиғаға азайды.

Сондай-ақ, өңір бойынша зардап шеккен адамдар саны 18-ге, қайтыс болғандар саны 6-ға, ауыр жарақат 11-ге, жеңіл жарақат біреуге азайды.

2019 жылдың 6 айында 15 жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 23 адам зардап шеккен, соның ішінде әйел саны – 2.

Жалпы жазатайым оқиғада зардап шеккендердің ішінен:

– қайтыс болған адам саны – 2, оның ішінде әйел саны – 0. Оның 1-уі қыш қалаушысы биіктен құласа, екіншісі жол жұмыскері экскаватордың астына бастырып қалған;

– ауыр жарақат алған адам саны – 9, соның ішінде әйел саны – 2;

– жеңіл жарақат алған адам саны – 12, соның ішінде әйел саны – 0.

Шымкент қаласы бойынша:

2019 жылдың 6 айында 24 жазатайым оқиға орын алып, оның салдарынан 24 адам зардап шеккен, соның ішінде әйелдер саны – 13.

Жазатайым оқиғаның тоғызы құлау, 5 жол-көлік салдарынан.

Зардап шеккендердің ішінен:

– қайтыс болған адам саны – 3, соның ішінде әйел саны – 1, соның үшеуі де жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған;

– ауыр жарақат алған адам саны – 8, соның ішінде әйел саны – 3;

– жеңіл жарақат алған адам саны – 13, соның ішінде әйел саны – 9.

Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіподақ ұйымдарымен атқарылған жұмыстар

Бүгінгі күнге кәсіподақ мүшелерінің 9960 адамы немесе 6 пайызы оқытудан өтті.

Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 1364 өндірістік кеңес, соның ішінде 1281-і кәсіподақ бастамасымен құрылған.

Жалпы жұмыс жасайтын 1452 еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың 1069-сі немесе 74 пайызы біліктіліктерін көтерген.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 586 тексерулер өткізілген.

Соның ішінде өндірістік кеңестің бастамасымен 166 тексеру, жұмыскерлердің бастамасымен 125 тексеру және басқа 36 тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде 477 еңбек заңдылықтарын бұзушылық анықталып, ол ескертпелер түзетілген. Қалған ескертпелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ескертпелердің 149-ы еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз етуге қатысты болса, 75-і еңбек қауіпсіздігі Ережесін және нұсқамаларын бұзған, 56-сы оқытудан және нұсқаулықтан өтпеген, 10-ы арнайы киіммен және жеке қорғаныс киімімен қамтамасыз етпеген, сондай-ақ 187 еңбек қауіпсіздігі бойынша басқа да ескертпелер берілген.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмыс орындарында жұмыскерлерге қолайлы жағдай жасау бойынша 106 ұсыныс берілген.

5 жұмыс орнында жұмыс тоқтатылып, кемшілігі ретке келтірілгеннен кейін жұмысқа қосылса, соның үшеуі станок, мәшине және құрал-жабдық, ал екеуі өндірістік цех болған.

Кәсіподақ ұйымдары 55 еңбек дауын шешуге және 5 жазатайым оқиға орын алған жағдайларды зерттеуге қатысқан.

50 жұмыс орны аттестаттаудан өткізіліп, өндірістік кеңес жұмыстарындағы еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша 102 семинарлар өткізілген.

Ұжымдық шарт жасасу бойынша

Шымкент қаласы бойынша

2019 жылдың басында жұмыс жасап тұрған жалпы 21661 кәсіпорынның (592 мемлекеттік және 21069 жекеменшік) 1033 (4,8 пайыз) кәсіпорында ұжымдық шарт жасалған (соның ішінде жұмыс жасап тұрған мемлекеттік кәсіпорын 592 немесе 100 пайыз және жекеменшік кәсіпорын 441 немесе 2,1 пайыз), ал 20628 (95,2 пайыз) мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған.

Еңбек шартын жасасу туралы

Еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында «Еңбек шартын жасаңыздар» атты республикалық акциясы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен келісіліп, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітіліп, іске асырылуда.

Шымкент қаласы бойынша:

Осыған байланысты 3 мекеменің жұмыс берушілері мен 86 жұмыскерлері арасында еңбек қатынастары заңдастырылған.

Сондай-ақ, Елбасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізу бойынша Шымкент қаласында орналасқан 394 мекемеде 30948 еңбек шарты жобаға енгізіліп, аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Кәсіподақтар орталығы жанындағы татуласу орталығы

Орталықта жалпы 392 адамға көмек көрсетілген.

Соның ішінде дауларды шешу бойынша 242 адамға және психологиялық көмек көрсету бойынша 150 адамға көмек көрсетілген.

Медиациялық процеспен дауларын шешуге келген азаматтар 242 болса, оның бәрі де бітімгершілікпен сәтті аяқталған.

Соның ішінде еңбек дауы бойынша келгендер 16 болса, соның бәрі де бітімгершілікпен сәтті аяқталған.

Кәсіподақтар орталығы жанындағы «ПРОФТУР» туризм орталығы

Қазіргі таңға кәсіподақ мүшелері мен өңір тұрғындарының қажеттілігіне сәйкес 13 шипажаймен агенттік келісім жасалған.

Бүгінде жолдама сату жұмыстары басталып, алғашында жалпы 63 жолдама өткізілсе, соның 59-ы шипажайларға және төртеуі балалар жазғы лагеріне берілген.

Арысқа көрсетілген көмек

Төтенше жағдайға байланысты Арыс қаласынан келген азаматтарға жалпы сомасы 720 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

Соның ішінде азық-түліктер және киім-кешектер, төсек орындары, тазалық заттары, балалар ойыншықтары, тағы басқа да керекті заттармен қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек «Южказпрофсервис» ЖШС-нің есебінен 4 мезгіл ыстық тамақ берілді.

Жұмысшылардың құқын қорғайтын ұйым болғандықтан, кәсіподақтар алдағы кезде де бұл бағытта жүйелі жұмыс істей бермек.

Ә. ҚАҢТАРБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *