ЗАҒИПТАР ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚОЛАРБА ТАПСЫРЫЛДЫ

Денсаулық Қоғам
487 Views

Халықаралық зағиптар және мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Сайрам ауданы аудан әкімініңкеңесшісі Рысқұл Есполай және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан  Сарыбековпен бірге Ақсукент ауылында тұратынзейнеткер Г.Сильченко және кәмелеттік жасқа толмаған, жасөспірім Б.Наримановтыңүйлеріне барып, жағдайымен танысты.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектігі бар азаматтарға қоларбалар және ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан азық-түлік пакеттерін табыс ете отырып, мерекелерімен құттықтады.

Айта кетелік, Сайрам ауданы бойынша бүгінгі күнге 10197 мүгедектігі бар адамдар есепке алынған. Соның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасы ұсынылған азаматтарды міндетті гигиеналық құралдармен, көмекші техникалық құралдармен, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен, протездік-ортопедиялық құралдармен және санаторий-курорттық емделумен, жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекші қызметімен және ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз ету үшін биылғы жылға жалпы 524146,0 мың теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар, жергілікті мәслихаттың шешімімен созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан 87 азаматқа әлеуметтік көмек ретінде 13552,4 мың теңге жеке есеп шоттарына аударылды.

Үйде оқытылып тәрбиеленетін 273 мүгедектігі бар балаларға 5193,0 мың теңге қаржы жоспарланып, оқу құралдарын сатып алу үшін 3137,0 мың теңге ата-аналарының жеке есеп шоттарына аударылды.

Ауданымызда мүгедектігі бар адамдарды емдеу мекемелері мен құжат рәсімдеу орталықтарына барып келуі үшін инва такси қызметі қарастырылып, қызмет көрсетуде.

Мүгедектігі бар балаларды оңалту шаралары мен арнайы білім алуы үшін жартылай стационарлық жағдайдағы күндізгі қатынау орталығы жұмыс істейді.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, 260 азаматты бағдарламаның белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Нәтижесінде 326 азаматтар қамтылып отыр.

2022 жылға үкіметтік емес «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету орталығы» жеке мекемесіне үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге 36 бала жолданса, 50 азамат Шымкент қаласындағы №5 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» КММ-іне жолданды.

31 бала «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-не орналасса, 24 бала Үкіметтік емес «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету орталығы» жеке мекемесіне күндізгі қатынау бөлімшесіне орналастырылып, 1 азамат «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» КММ-не (қарттар мен мүгедектер үйі) орналастырылды.

4 бала «№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» КММ-не жолданса, 2 азамат «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не жолдамамен қамтылса, 2 бала Кентау арнаулы кәсіптік колледжіне оқуға жіберіліп, 24 азаматқа қамқоршы тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *