ЗАҢДЫ БІЛМЕУ, ОНЫ БҰЗУ – ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТҚАРМАЙДЫ

Заң Құқық
51 Views

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді қазақ, ол барлық тәрбие бесіктен басталады дегенді ұғындыратыны анық. Әрбір ата-ана бала тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын немен айналысатынына бақылау жасаса, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне сеп болар еді.

Осы бағытты ұстанған Д.И.Менделеев атындағы № 15 мектеп – лицейінде «Құқық бұзушылықтың алдын алудағы басты міндет» деген тақырыпта әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. 17-26 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шара жоспары бекітілді.

Баланы қорғау және тәрбие мәселелеріне байланысты «Отбасы және баланы тәрбиелеу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп психологтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп инспекторының қатысуымен қылмыстың алдын алуды болдырмау мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша аудан аумағына рейд жүргізіліп тұрады.

Әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау. Заңның ең басты мақсатының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіріп отыру қажет.

 Тәрбиенің негізін отбасы қалайды. Сондықтан отбасындағы ата-аналардың қарым-қатынасы жастарды тәрбиелеуде маңызды орын алады. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздары ата-аналар қоғамының көмегіне сүйеніп, оқу-тәрбие үрдісінің мәселелерін шешуде сыныптық ата-аналар комитетінің рөлін көтеріп отырады.

А.А.ОРАЗБАЕВА,

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *