ЗАҢНАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Заң Құқық
596 Views

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Сәулет, қала құрылысыжәне жер қатынастары саласындағы бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «ШымкентБасЖоспар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының м.а. мен жауапты қызметкерлер қатысты.

Аудит іс-шара жүргізу барысында «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің», «Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің», «Жер кодексінің», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарының, сонымен қатар «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының» талаптары сақталмағандығы анықталған.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс-шара жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мен жұмсау мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынып, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

Н.АБДЕЗОВ,

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *