КАССА ЧЕГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП ҚАНДАЙ?

Қоғам Құқық
588 Views

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 166 бабының 6 тармағында бақылау – касса машиналарының чегінде қамтылуы тиіс ақпараттар тізбесі белгіленген.

Олар: 1) салық төлеушінің атауын;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

8) фискалдық белгіні;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 166 бабы 7 тармағына сәйкес, онлайн- бақылау-касса машинасының чегі сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қамтуы тиіс.

Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН көрсетуге міндетті.

Егер Сіздің қолданатын БКМ чегі жоғарыда аталған ақпараттарды қамтымаса, онда Сіз өзіңіздің бақылау-касса машинаңызды техникалық қызмет көрсету орталығына апарып, сатып алушының ЖСН енгізу функциясын қоса отырып, БКМ қайта бағдарламалау қажет.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284 бабына сәйкес БКМ бақылау чегінде келесі деректемелердің біреуін немесе бірнешеуін көрсетпегені үшін:

1) СТ атауы;

2) ЖСН;

3) БКМ зауыттық нөмірі;

4) Мемлекеттік кірістер органында БКМ тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;

8) осы бөліктің 1)-7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелердің фискалдық белгісі не аппараттық-бағдарламалық кешендердің (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық – бағдарламалық кешендерді қоспағанда) бақылау чегінде көрінбеуі, – ескерту жасауға әкеп соғады.

Бұл ретте БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН көрсетілмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделмеген.

Б. УТЕМБАЕВ,

Абай ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *