ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАКУГЕ РЕСМИ САПАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Саясат
242 Views

ҮМІТІМІЗ ӘЗІРБАЙЖАН – ТҮРКИЯ БАҒЫТЫНДА МҰНАЙ ҚҰБЫРЫН САЛУ МА?

Әлем күте тұрысын, көршіңмен келіс әуелі демекші, қазіргі тұрақсыз гоесаяси жағдайларда біздіңбауырлас Түркі әлемінің бірлігі бекемделіп келеді. Қазақ елінің ПрезидентіӘзірбайжан Республикасына ресми сапар жасады.

Ақорданың мәлімдеуінше Бакуде біздің Президент, Әзірбайжанның Президенті Ильхам Әлиевпен және кеңейтілген құрамда біраз мазмұнды келіссөздер өткізді. Қазақ басшысының ат терлетіп баруының басты себебі, транзит және сауда мәселесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 3 есе өскен.

Әзірбайжан бізге әзірге тікелей Түркия шығатын, таптырмайтын тамаша һәм келісті сауда жолы емес пе?! Әрі әр елдің өз одақтастарының үздік үштігі болатынындай, бұл көршіміз көкбөрі қазаққа жайлы жолдас, тегеурінді одақтас болуға жарайды. Оның үстіне Ресей біздің тасымалдаушы мұнай құбырымызды жабамыз дегенде, Президентіміздің онда Әзірбайжан – Түркия бағытында мұнай құбырын саламыз деуі бос әңгіме емес екенін біздің жұрт болжаған болатын. Енді міне болжам расталып, мақсат айқындалды.

Екі ел арасындағы байланыс бұрыннан жаман еместін. Таяуда ғана Әзірбайжанда, нақтырақ Сумгаит шаһарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көше ашылып еді. Қарымтасын Қазақстан көп күттірмейтінін сол арада жеткізді. Біздікілер Әзірбайжанның Физулинде Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығын салып беретін болды. Екі қабатты ғимаратта 600 адам шығармашылықпен емін-еркін айналысатын болады. Ал осындай қазақы ілтипатқа разы болған Ильхам Әлиев: «Түркі мемлекеттерінің достығы өзара қолдаулардан басталады» — дейді.

Баку көшелерін бірге аралап, Каспий теңізінің жағасына орналастырылған киіз үйде қонақ болған қос басшының біраз ілкімді іске жол салары анық.

Сапар аясындағы келісімдер Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық және стратегиялық серіктестіктің деңгейін жаңа белестерге көтереді деп сенеміз. Себебі Президентіміз айтқандай «Стратегиялық» деген сөз екі елді көп нәрсеге міндеттейді.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *