КЕЛЕСТІҢ ҚАРБЫЗДАРЫНА СҰРАНЫС КӨП

Экономика
243 Views

Келес ауданында қарбыз пісті. Биылғы алғашқы түсім еліміздің ірі қалаларына саудалана бастады.

Келестің қарбыздары шет мемлекеттерге де экспорттала бастады. Мәселен, Бозай ауылдық округіндегі «Әбіл» шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Мұстаев 40 гектарға еккен қарбызынан бүгінде 22 тонна өнім өткізген.

Жергілікті 5 тұрғынды жұмыспен қамтып отырған Нұрлан Сапарқұлұлы өнім егуге әрекеттерін қыстың соңында бастап, күзге дейін тынымтаппайды. Нәтижесі міне – еңбектерінің алғашқы жемістерін жеп, көңілдерітоғайып отырған жайлары бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *