КЕНЖЕБАЙ, ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЕЛУ ЖАСЫҢ!

Құттықтаймыз
1 661 Views

Биыл Алла қаласа, шымкенттік Кенжебай Тасубаев ердің жасы – елуге толып отыр. Осы айтулы мерейтойымен құдасы, жазушы-журналист Әбдінағым Көшеров өлеңмен құттықтау жолдайды. Оған біз де тілектеспіз.

Жақындады құдалықпен алыс пен жат,

Үйленгенде Мәдина мен балам – Бекзат.

Бірге туған бауырдай сезінеміз,

Болсақ та қыз алысқан құда-жекжат.

 

Кенжебайжан, елу жасың құтты болғай!

Отбасыңа бақыт пенен байлық толғай!

Ырыс іздеп барып жүрсің алыстарға,

Сәтті болсын сапарларың шыққан жолға-ай!

 

Келдің міне, елудің белесіне,

Жақсы ісіңмен қаласың ел есінде.

Кездесіп, жүздесейік десем саған,

Ұстатпайсың, жүйріктей желесің де.

 

Құттықтаушы Әлия мен Әбдінағым,

Сен туралы айтамын тек жақсы жағын.

Шақырғайсың думаныңа жүзге келіп,

Кәріліктің гүлдендіріп қоңыр бағын.

Құттықтаушылар құда-құдағиың – Әбдінағым, Әлия.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *