«МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қоғам
561 Views

Түркістан қаласының “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бөлімінің ұйымдастыруымен басталған “Мейірімді жүрек”қайырымдылық акциясы жалғасуда.

Іс-шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев сөз алып, ерекше жағдайдағы балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал жасау керектігін және осындай игі шаралар дәстүрлі түрде өткізілетіндігін айтты.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров және қаламыздың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев осындай қайырымды істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Мұндай шаралар ерекше қажеттілігі бар балаларға серпін береді, өмірге деген қызығушылығын арттыра түседі. Сол себепті оларға барынша қолдау көрсету баршамыздың ортақ парызымыз дейді ұйымдастырушылар. Шара соңында әр балаға бағалы сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *