МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН ТҮСІНДІРДІ

Қоғам Құқық
1 803 Views

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы Исмайлова Анар мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерін еске салу. Балалар жолдан өтпес бұрын толық қауіпсіздікке көз жеткізулері қажет. Тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын элементтері бар киімдерді кию қажет екені ескертілді.

Өз кезегінде ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы өз қызметінің ерекшелігін айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Оқушылардың жол ережесі бойынша сауаттылығын арттыру үшін осы тектес іс-шаралардың маңызы зор.

*   *   *

Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты аудандық полиция басқармаларының Ювенальды полиция қызметкерлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда.

Бүгінде, мектеп инспекторларының қызметі тәрбие берудің бір көрінісі ретінде қалыптасып келеді. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, оларды бұралаң жолдың қалтарысынан қорғау болып табылады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ Ювенальды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Құрбанов Ербол қаладағы №19 жалпы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережесі туралы сабақ өткізіп, түрлі көрнекі құралдармен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, балалардың белсенді қатысуын қадағалады.

«Балаларға жолда өзін – өзі қалай ұстау қажеттігі жайлы жасынан үйрету керек. Қоғамдық орындарда, жол жөнекей ережелерді жатқа білуі маңызды. Бұл олардың өмір қауіпсіздігі үшін аса үлкен рөл атқаратынын ұмытпауымыз керек. Осы орайда, мектеп ұжымы және біз – тәртіп сақшыларымен қатар, ата-аналар қауымы да жауапкершілікті жіті сезінсе игі» — деді тәртіп сақшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *