ОЗЫҚ ЕЛДЕР САНАТЫНА ЕНУГЕ ЖАҢАШЫЛ ҚАДАМ

Қоғам
661 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – ЕлбасыНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттікқызметтер көрсету кезінде азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау тапсырылған еді.Соның негізінде есіктен есікке жүгіріп, көптеген анықтама, құжат жинаудан, босжүрістерден шаршаған қазақстандықтар үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы құрылған болатын. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтүрлерін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ өзінің жекекомпьютері немесе ұялы телефон, смартфоны арқылы жеке кабинетіне кіріп алуына болады. Мұның бәрі уақытымызды үнемдейтіні шындық.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі – азаматтар мен бизнеске цифрлық нұсқада қызмет көрсету. Ол мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта жүргізу жұмыстарын да табысты атқаруда. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетілетін қызмет саны өсіп отырады. Ағымдағы жылы оның үлесі 90 пайызды құрауы тиіс.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда азаматтарды онлайн — тіркеуге, жүргізуші куәлігін онлайн өтініш арқылы алуға, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына онлайн-бейне байланыс арқылы сұрақтар қоюға мүмкіндіктер бар екенін көпшілік біле бермейді. Бұл сервистерді пайдалана білмейтіндер кез-келген фронт-офиске келіп үйренуіне болады.

Сіздің телефоныңызға Электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың (ЭЦҚ) әрекет ету мерзімі аяқталатыны туралы ескерту SMS келді ме?

Онда сізге келесі ақпарат өте пайдалы:

SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, жарамдылық мерзімін тексеріңіз.

Жеке кабинетке сіз интернет-ресурстың басты бетінен немесе SMS-те көрсетілген сілтеме бойынша ауыса аласыз. Ары қарай келесідей алгоритм бойынша әрекет етеміз:

— Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;

— «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін (паролін) дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;

— ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз. Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаймыз.

Электрондық қолтаңбаның қолданылу мерзімі әлі аяқталмаған жағдайда өтінімді онлайн беруге болады.

Бұдан әрі негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

— Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшін сіз компьютерді таңдасаңыз, өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріңізге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

— Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс. Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

— «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тіркеу куәліктерін сәтті орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

Құттықтаймыз!

Айтпақшы, ЭЦҚ қолдану мерзімін ұзарту да, оны жаңадан рәсімдеу де тегін қызмет.

Жаңа тұрғын үй сатып алу жоспарыңызда бар ма? Мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырғыңыз келе ме?

Әрине, бұл үшін белгілі құжаттар тізімі, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама да қажет. Ол үшін сіз #egovmobile-ды пайдалана аласыз.

Ең алдымен қалта телефоныңызға App store/play market қосымшасынан #egovmobile – ды жүктеңіз;

ЭЦҚ көшіріңіз;

Жүйеге кіру үшін Face ID немесе Touch ID пайдаланыңыз;

Кейін қызметті таңда, оған онлайн тапсырыс беру қажет.

Ескерту: *Қосымшаны пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу керек.

Бүгінде қосымша арқылы жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтаманы қосқанда 31 қызмет қолжетімді.

Айта кетейік, бұл анықтаманы egov.kz порталы мен FB, Vk чат-боттарынан да алуға болады. Игілігіңізге қолданыңыз!

Айта кету керек, Канада мен Аустра-лияның жүйесіне негізделіп жасалған бұл қызмет өзінің тиімділігін көрсетуде. Сондықтан да «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының жұмысы қазір жанданған. Бұл озық дамыған елдер санатына енуге арналған батыл әрі жаңашыл қадам деп баға беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

МК КЕАҚ Шымкент қаласы филиалының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *