ХАЛЫҚПЕН БІРЛЕСІП, ҰЖЫМДАСА ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Билік
855 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бірлесебілген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында қауіпті індеттің таралуына алаңдапотырған елдің көңіліне демеу боларлық келелі ойлар айтқаны жұрт жадында. Ол санқилы статистикаға тоқталмай, ұлттың санасын серпілту, болашаққа деген сенімінояту бағытында ой қозғап, мемлекеттің халықпен бірге екенін ұғындыра білді.Нақты стратегиялық бағыттарға тоқталды.

Елбасы бұл қиындықтан бірлік, тәртіп және болашаққа деген сенім алып шығатынын баса айтқан. Мемлекет тарапынан коронавирустың алдын алу бойынша жедел әрі сапалы жұмыстар қолға алынғанын айрықша атап өтті. «Әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажет. «Nur Otan» партиясының мүшелері де осы бір сауапты істің алдыңғы қатарынан табылуға тиіс» деген болатын Елбасы.

Бұл ретте Түркістан облысында сақтық шаралары күшейтілгенін, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің бастамасымен, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиевтің қолдауымен нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айрықша айта кеткен жөн. Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы арқылы өңірде 3 мыңнан астам отбасыға азық-түлік және гигиеналық заттар жеткізілген. «Түркістан» әлеуметтік-корпоративтік даму қорына ел кәсіпкерлері сүбелі үлес қосып, жанашырлық танытқан. Мемлекеттік қызметкерлер де бір күндік жалақыларын аударды. Міне, осындай қолдау нәтижесінде әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, тыл ардагерлері мен жалғызілікті қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек берілген. Жекелеген демеушілер де акцияға үн қосып, елге көмектесуде.

Елбасы Үндеуінен кейін құрылған республикалық «Birgemiz» қоры арқылы еліміздегі ең ірі 23 қаладағы 150 мыңнан астам тұрғынға 50 мың теңгеден көмек беріледі. Бұл санатқа Түркістан қаласы да еніп отыр. Облыс орталығында 4903 отбасы партияның үйлестіруі арқылы қаржылай көмекке алатын болады. Ұлт Көшбасшысының мақаласында бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың нақты жолын іздеп, шыңдала түсуіміз керек екені баса айтылған. Қиын кезеңде елге демеу болып, жұртшылықты қатерлі індетке, дағдарысқа қарсы күреске жұмылдыруға сүбелі үлес қосып жатқан Елбасының бұл әрекеті – Отанға деген сүйіспеншілік пен перзенттік парызға адалдық болып табылады. Елбасы қазақстандықтарды Президент Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаевтың бастамаларына қолдау білдіріп, тапсырмаларын сапалы жүзеге асыру керек екеніне үнемі мән беріп келеді. Ең бастысы – мемлекет әрбір азаматтың қауіпсіздігіне, дамуына қолдау көрсетуді жалғастыра түсуде. Төтенше жағдайды артта қалдырып, қазіргі карантиндік режимде жұдырықтай жұмылып, бірлігімізді сақтай білсек, бұл тығырықтан да аман-есен шығарымыз шүбәсіз. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің қазіргі қиын-қыстау кезеңде жанқиярлықпен еңбек етіп жүргені қалың жұртшылықты сүйсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *