ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ – ЖАСТАР ТАҢДАУЫ

Білім Жастар
1 211 Views

Қазіргі таңда академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті білім беружүйесінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда озықтардың қатарында.Университет миссиясы – Қазақстандағы экономикалық дамыған және әлеуметтікбағдарланған қоғам үшін мамандардың жаңа буынын дайындау. Оқу орнының Жоғарыбілімді жоғары білікті қызметкерлер командасы осы міндетті жүзеге асыру үшінкүш салуда. Өзінің кәсіби борышын адал және жауапкершілікпен орындап кележатқан білім ордасы – жаңа идеяларды генерациялауға, инновациялық жобалардыәзірлеуге, келесі ұрпақтың конструкциялық материалдарын жасауға, өндірісте жаңатехнологияларды әзірлеуге, бүгінгі күннің бағдарламалық ақпараттық өнімдерінжетік меңгерген мамандарды даярлауға қабілетті.

Университеттің Жоғары оқу орындарымен байланыстары да бір жүйеге қойылған. Атап айтқанда,Ресей Халықтар достығы университеті, Ресей білім беру академиялық университеті,Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, Ташкентхимия-технология институты, Өзбекстан мемлекеттік Әлем тілдері университеті,Қырғызстан Халықаралық университеті, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттықуниверситеті, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей университеті, т.б.Республикамыздағы алдыңғы қатарлы мемлекеттік және жеке меншік оқу орындарыменбірлескен келісімдер жасалған.

Оқу орнында студенттер өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін арнайы клубтар мен қоғамдық ұйымдар бар:

1) Студенттік өзін-өзі басқару

2) «Жас Отан» жастар қанаты

3) Студенттер альянсы

4) «Алаң» дебат клубы

5) «Бәйтерек» қоғамдық клубы

6) Университет хор

7) «Жайдарман» КТК

8) Кіші ассамблея

Университеттің жұмыс істеген жылдарынан бастап жоғары оқу орны ішілік гранттардың екі түрі – академик А. Қуатбековтың гранттары және ректор гранты, оған талапкерлер (ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған, бірақ мемлекеттік грант алмаған), сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ұсынылды. Бұл гранттар оларды оқу ақысын төлеуден толық босатты. Спорт шеберіне үміткер болып табылатын жеңілдік-студенттер санаты бар. Оларға спорт мәртебесін көтеру, оған жастарды тарту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жеңілдіктер берілді.

Биылғы жылы университетте жаңадан 15 мамандық ашылды. Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылында университеттің бакалавриат мамандықтарының күндіз ақылы бөліміне түскен талапкердің Ұлтық біріңғай тестінде жинаған балл көрсеткішіне сәйкес және пандемия кезінде, талапкерге 5-24 тамыз аралығында жылдық оқу төлем ақысына жеңілдіктер акциясын жариялады. Атап айтқанда:

· 50-79 аралығында балл жинаған талапкерлерге – 10 пайыз;

· 80-89 аралығында балл жинаған талапкерлерге – 15 пайыз;

· 90-109 аралығында балл жинаған талапкерлерге – 20 пайыз;

· Жартылай жетім балаларға – 40 пайыз;

· Тұл жетім балаларға – 100 пайыз;

· Алтын белгі алған оқушылар, еңбек сіңірген спорт шебері мен Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлеріне – 50 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.

Ендеше жас талапкер болашаққа Халықтар достығы университетімен бірге қадам бас!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *