◷ 25 Қараша 2026

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ – БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

* Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі. * Опасыздық – ойсыздық. * Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ. * Бақаның бағынан сұңқардың соры артық. * Намысты нанға сатпа. * Қарабет болып қашқанша – қайрат көрсетіп өлген артық. * Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. * Именіп жүріп көрген игіліктен – қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. * Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше – шындықтың уын ішін өлген артық. * Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. * Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. * Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды. * Ата-ана қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас, Ел қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас. * Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес. * Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі. * Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту. * Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл. * Жақсы сөз жанға – жақын, құлаққа – жағымды, ойға – қонымды келеді.  

Тиесілі мақалалар