ШЫМКЕНТТЕН ТӘЖІРИБЕ АЛУ

Қоғам
72 Views

Қазақстандық Су Қауымдастығының бастамасымен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары мен Қазақстанның су арналары өкілдері арасында тәжірибе алмасу өтті.
Шымкентке Астана, Қостанай, Бурабай, Шу, Қызылорда және Түркістаннан мамандар келді. Оларды Шымкент кәсіпорны жұмысының көптеген аспектілері қызықтырды. Тазарту құрылыстарының кешеніне және айдро процесінің биотехнологиясын қолдануға ерекше назар аударды. Асқар Қайратұлы, Шымкентке Жамбыл облысынан келді.
«Шу ауыз су» МКК директоры «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не алғаш рет келіп отыр.

Шымкенттік әріптестерден үйренетін көп, оңтүстікте сумен жабдықтау және су бұру саласында озық технологияларды енгізуден және іске қосуда батыл екен. Өте, өте керемет! Өйткені, қазір Шу қаласында жақын маңда орналасқан себепті жағымсыз иіс экологияға тигізіп жатқан залалы, соның барлығының түбегейлі шешімі осы КОС екеніне көз жеткізіп жатырмыз. Өте керемет, — дейді «Шу ауыз су» МКК директоры Асқар Қайратұлы.
Шымкент тазарту құрылыстары кешені көптен бері көптеген қазақстандық су арналары үшін үлгі болып келеді. Кешеннің жоғары энергетикалық шығындарын жабуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық, ағынды суларды сапалы тазарту және биогаз қондырғысын қолдану.

Мен мұндай нәрсе күтпедім. Таң қалып тұрмын. Осындай водоканал Қазақстанда бар екеніне. Өзім бірінші рет көріп тұрмын. Мен Қазақстанда 2-3 водоканалда болдым. Олармен салыстыруға келмейді. Мамандары кез келген сұрағыңа жауап береді. Барлық жүйесі орнына қойылған. Маман таппай, сұрақтарға жауап таппай, сұрақтар жауапсыз қалып жатқан жоқ. Өндіріс орны, барлығы да жақсы жолға қойылған деп ойлаймын. Соңғы технологиямен. Тағы адамдар мұнда дамуға тырысып, технологияларды жаңғыртуға тырысып жатыр, — дейді Қазақстан су арналарына жобалаушы Сержан Асанханұлы.
Тәжірибе алмасу барысында «Айдро процесс» өнімін ұсынатын компанияның технологтары қазақстандық мамандарға биотехнологияны қолдану бойынша егжей-тегжейлі кеңес берді. Ол Шымкентте алғашқы қолдануының арқасында республикамыздың көптеген су арналарын қызықтырды.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *