ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

Қоғам
968 Views

Адамдарға көмектер көрсету үшін арнайы техникалар, адамдар жасақталды. 11 техника Төтеншежағдайлар департаментінен 105 құтқарушы-өрт сөндіруші мамандар, Полициядепартаменті 4 арнайы техника, әскери бөлім 540 жауынгерлері мен 62 техникабірлігін көмекке жұмылдырды. Қазір жағдай тыныш әрі бірқалыпты. Барлық зардапшегуші адамдарға көмектер көрсетілуде. Қазіргі таңда қалада құрылған 49эвакуациялық пункте жалпы саны 26 691 арыстық азамат тіркелген, 7941-іжатақханаларға жайғастырылған, оның 2870-і балалар, ал қалған тұрғындарТүркістан облысы аудандарына орналастырылды. Оқиға салдарынан ата-анасынжоғалтқан 19 бала жеткізіліп, барлығы ата-анасына табысталды. Балаларға арнапцирк және театр қойылымдары, түрлі-түрлі ойындар ұйымдастырылуда. Әлі дежалғасын табатын болады. 47 адам қалалық ауруханаларда медициналық көмеккежүгініп, ем алуда. Темір жол вокзалынан Түркістан қаласына 3100-ден астам адам43 автобуспен тасымалданды. Біз қазір Қорғаныс министрлігінің тұрғындардықалаға қауіпсіз қайта кіргізуге болады деген шешімін күтіп отырмыз. Ол үшінарнайы Арыс қаласына жеткізу мақсатында автобустар дайындап қойдық. Қаншағимарат, нысандар мен тұрғын үйлер қалпына қелтіруді қажет ететінін білу,сметасын анықтау үшін Құрылыс және архитектура мамандарын қалаға жібердік.Тексерістен өткен соң Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге кірісетін боламыз.Көптеген үйлердің есік-терезелері мен шатырларын жаңарту, электр сымдарынжөндеу қажет. Қазірге оған кететін қаржының құнын толық, нақты айта алмаймыз.Анықтау жұмыстары жүргізіліп болған соң ақпарат нақты белгілі болады.Жұмсалатын қаржының көп мөлшері бюджеттен бөлінетіні анық. Ал қалған бөлігімердігер компаниялар, кәсіпкерлер мен азаматтардың көмек ретінде жинағанқаржыларынан бөлінетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі ҒабидоллаӘбдірахымов қалалық әкімдікте өткен брифингте мәлімдеді.

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарға жәрдем беру мақсатында Шымкент қаласында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар бойынша қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазақстан темір жолы ҰҮ» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз брифингінде Азаттық радиосының тілшісі: «Ақмешіттің алдындағы халықтың көпшілігі әкімдік қызметкерлері келмейді деген пікірлер білдіруде. Осыған орай, Сізге қояр сауалым – неліктен әкімшілік қызметкерлері халықтың ахуалын бақыламады, өзіңіз бардыңыз ба? Мән жайды түсіндіріп өтсеңіз», – деп әкімге бағыттап сауал қойды.

«Мен сіздің пікіріңізбен келіспеймін. Себебі, ол жерде таң атқаннан кеш батқанға дейін әкімдіктің, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аянбай қызмет атқаруда. Орынбасарым да сол жерде. Абай ауданы әкімдігі де сонда. Мен өзім де барып, жай-жапсарын көріп қайттым. Басқа пунктерге де, емханаларға да бас сұқтым. Халықпен сөйлестім. Халықтың көпшілігінің айтуы «ертерек жіберсеңіздер» деген өтініштер болды. Ол үшін жоғарыда айтып өткенімдей, қалаға қайтару туралы шешім шығуы қажет. Менің ең басты өтінішім – негізсіз, жалған ақпараттың тарауына, арандатушылыққа жол бермесеңіздер. Мысал ретінде айтар болсам, гуманитарлық көмек беру бөлімдері тоналды немесе жарылғыш зат бар, 10 балдық жер сілкінісі болады деген сынды қауесеттер. Бұл мәліметтердің бәрі жалған. Тұрғындардан сұрайтыным тек ресми хабарларды ғана тыңдаңыздар. Ресми мәліметтерге сүйеніңіздер. Тағы бір зардап шегушілерге арналған пунктердегі көпшілікке тараған жалған ақпараттың бірі – жапа шегушілерге Шымкент қаласынан жер, үй беріледі деген қауесет. Бұл қате пікір. Барлық арыстық тұрғындар өз үйлеріне қайтарылатын болады. Ал ондағы барлық үй, нысан жөндеуден өтіп, қалпына келтіріледі», – деп түсініктеме беріп өтті Ғабидолла Әбдірахымов.

Баспасөз жиынында қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов жалған ақпарат таратқан Арыс тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын, ал жалпы тәртіп сақшылары қатаң режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Мадияр Жақсыбаев Арыстағы жағдай тұрақты екенін хабарлады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Арман Сұлтанов та Шымкентке келіп тоқтаған жолаушыларды жеткізу барысы қалыпты екенін айтты.

Тікелей эфирде көрсетілген жиынға тұрғындар да өз өтініш-пікірлерін білдірді. Соның бірі – «Ақмешітте орналасқан халықтың саны көптігі сонша жатын орын жеткіліксіз. Осыған орай, басқа жерге орналасуға мүмкіндік бар ма?»

– «Ақмешіт» орталығы бастапқы пункт болғаннан кейін біз барлық тұрғындарды сол жерден жан-жаққа бөліп, жатақханаларға жөнелтеміз. Адам көп болғандықтан, кейде ыңғайсыздықтар орын алып жатады. Алайда түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін, – деген қала басшысы арыстық тұрғындарға барынша жағдайлар жасалатынын, қолдан келгенше көмектер берілетінін айтып өтті. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев барлық арыстық зардап шегушілерге арналған арнайы медициналық қажеттіліктер мен көмекке жүгіну қажеттілігі туындаған жағдайда арнайы электронды қосымшаны пайдалану мүмкіндігі бар екендігінен хабардар етті.

Жиын соңында қала әкімі барлық зардап шегуші тұрғындардың өтініштері қаралатынын айтып, тыныштық пен сабыр сақтауды ұсынды. Ақпарат өкілдеріне негізсіз мәлімет беріп, халықты арандатудан аулақ болуды өтінді.

«Осынау сын сағатта ауызбіршілік танытып, қол ұшын беріп жатқан барлықтарыңызға, қала тұрғындарына, қаладағы ұйымдарға, кәсіпкерлерге үлкен алғысымды білдіремін», – деп Ғабидолла Әбдірахымов жиынды қорытындылады.

Осы орайда айта кетеріміз, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші қиын-қыстау шақта көмектер беріліп, жағдайлар жасалуы, бауырмал ұлтымыздың бір-бірінің қолтығынан демегені – еліміздің, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен мейірім, жанашырлықтан кенде еместігінің айғағы. Елімізді Алла ынтымақ пен бірліктен айырмасын!

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *