ҚАПАЛБЕКҰЛЫНА ҚАЙРАТКЕР АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Билік
70 Views

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгілі жазушы, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Н. Қапалбекұлы қазір ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері. Ұзақ уақыт республикалық кітап музейінің директоры болып істеген. Көптеген әңгіме, повесть, роман, тарихи-танымдық ғылыми зерттеулер жазған 53 кітаптың авторы.

Өткен жылы жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына орай Жамбыл мұрасы жайлы 40 том шығармалар жинағын құрастырып шығарды.

«Құрмет» орденімен және бірнеше мемлекеттік марапаттармен марапатталған. Ұлы Отан соғысы ардагері ретінде Ресейден орден-медальдар алған.

Алматы облысының бірнеше ауданының Құрметті азаматы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *