ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құттықтаймыз
906 Views

Келес ауданының Бірлік ауылдық әкімдігіндегі Жаңа тіршілік елді мекенінің тұрғындары – Амангелді Сапаров 63, ал оның жан жары Гүлжахан Талипова 60 жасқа толып отыр. Отағасы ұзақ уақыт жүргізуші болып істеген. Отана-сы Белгібаев атындағы жалпы орта мектебінде ұстаздық етіп, шәкіртерге шет тілін үйреткен. Бұған қоса-қабат екі ұл, алты қыз тапқан алтын құрсақты ана. Олар ұл-қыздары-нан өрбіген 14 немере сүйіп отырған бақытты отбасы.

Біз, 1976-1978 жылдары Брянск қаласында ішкі істер саласындағы әскери бөлімде Амангелдімен бірге Отан алдындағы азаматтық борышымызды өтеген болатынбыз. Енді міне, сол әскери өмірдегі жан досымыздың құрметті еңбек демалысына шыққан сәтіне де куә болудамыз. Той құтты болсын! Сендерге мына өмірдегі барлық жақсы-лықты тілейміз!

Ақ ниетпен:

Құттыбай Қалыбаев, Құттыбай Жарқынбеков, Жәнібек, Нұржан,

Ермек, Біләл, Сұлтанбек, Тастан, Бахрам.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *