ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІРІ ІС-ШАРА ӨТТІ

Мерей Руханият
29 Views

Қазақстанның Ақтау қаласында белгілі қазақ жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған «Ә.Кекілбайұлы оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Ірі басқосуға Түрік әлемінің түкпір-түкпірінен жазушылар, әдебиет қайраткерлері, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Олардың арасында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев та болды.
Ә.Кекілбайұлы өзінің тамаша төл туындыларын жазумен қатар К.Гоцци, А.П.Чехов, Вальехо Антонио Буэро, Генрик Ибсен, Л.Дарко, У.Шекспир және Шыңғыс Айтматовтың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды.
«Күй» шығармасында мәңгүрт бейнесін алғаш сомдаған жазушы Әбіш Кекілбаев. Шыңғыс Айтматов «Боранды бекет» романында тұтас «мәңгүрттік» қоғамдық құбылысты әлемдік деңгейге шығарды. Әбіш Кекілбаев – қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі ғана емес, жалпы түрік әдебиетінің жарық жұлдызы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *