ӘЛИЯ СҮГІРБАЕВА – «АЛМАТЫ ПОШТАМТ» ДИРЕКТОРЫ

Құттықтаймыз
851 Views

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Шымкент филиалының коммерциялық директоры Әлия Абылайқызы СҮГІРБАЕВА «Қазпошта» акционерлік қоғамы Алматы филиалының («Алматы почтмамт») директоры болып тағайындалды. Ол Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-экономист, Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтанушы мамандықтары бойынша үздік дипломмен бітірген. Өзінің еңбек жолын 1995 жылы «Дана» шағын кәсіпорнында есепші болып бастаған. Бір жылдан кейін «Выбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне есепші болып ауысқан. 1997-2002 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық басқармасында маман, аға салық инспекторы, жетекші маман-жетекші салық инспекторы, құрылымдық бөлім басшысы-сектор меңгерушісі болып қызмет істеген. 2002-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, басқарма бастығы, салық басқармасы бастығының орынбасары, салық комитеті төрағасының орынбасары, 2010-2011 жылдары «Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ішкі аудит қызметінің жетекшісі болған. 2010-2014 жылдары «Алаш-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік директоры, 2011-2014 жылдары «ЭРА», «7 арна» телекомпаниясында бөлім бастығы, әкімшілік департаментінің директоры болып істеген. 2015-2018 жылдары «Қазпошта» акционерлік қоғамының Шымкент филиалында департамент директоры, директор, коммерциялық директор лауазымын атқарған. Біліктілігін арттыру жөніндегі бірнеше сертификаттарға ие.

Әлия Абылайқызын жаңа қызметімен құттықтап, оның алдағы жұмыстарына да табыс тілейміз!

Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *