А.С.Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында педагог, әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты Әсілхан Оспанұлының туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті. Қазақтан шыққан тұңғыш генерал, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов туралы жазған «Қазығұрт қыраны генерал Сабыр Рақымов» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.
Іс-шараға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тәрбие жұмысы және жастар саясатыдепартаментінің директоры, тарих ғылымының кандидаты, доцент міндетін атқарушы Қайрат Сапарханұлы Анарбаев модераторлық жасады. Кешке Сабыр Рақымов туып-өскенҚазығұрт ауданы Көкібел ауылынан туыстары атынан Нұрдәулет Құралов, Шымкентқаласындағы Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асылбек Тоқмағамбетов, «Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалытөрағасының орынбасары, полковник С.Мещанов, суретші, этнограф Ералы Әсілханұлы Оспанов, қалалық ардагерлер кеңесі, Ауған соғыс ардагерлері Шымкент қалалықфилиалының төрағасы Серғали Рысбеков, желтоқсаншы Шәрипа Шалаева, Семей полигоны қоғамдық бірлестігінің ардагерлері, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің оқытушысы, филология ғылымының кандидаты, доцент Нариман Нұрпейісов, Қазақстан Суретшілер одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әбдімүтәліп Ахметов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Ғалымжан Есболаев, №35748 әскери бөлімінің әскери оркестр қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сабыр Рақымов атындағы әскери колледжі мен Батыр атындағы мектептердің ұстаздары мен оқушылары, ақын-жазушылар, журналистер, қаламыздағы жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, Оңтүстіктің жыр сүлейлері – Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Ергөбек Құттыбайұлы, Молда Мұса Байзақұлы, Нұралы Нысанбайұлы, тағы басқа да ақиық ақындардың шығармаларын жарыққа шығарған, генерал Сабыр Рақымовтың қазақ оғланы екенін зерттеуге бүкіл саналы ғұмырын арнаған ғалым, қоғам қайраткері, журналист, ғалым, ұлтжанды азамат, филология ғылымының кандидаты Әсілхан Оспанұлының еңбектері мен елдігі жайында естеліктер айтылды. Оның генерал туралы жинақтаған зерттеу жұмыстарынқолға алып, әке аманатын орындаған Ералы Әсілханұлы Оспанов шығарған жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Келген ардагерлер гвардия генерал-майоры Сабыр Рақымовтай Батырдың өмірі мен әскери қызметі, жауынгерлік ерліктері, әліде зерттелу үстінде екенін айтып өтті. Дегенмен, Батыр туралы кино түсіру,тіпті, қала көшелері мен мекемелерге атын қаншалықты көп қойылса да артық етпейді,біз қазақ халқы осындай Батырымызды мақтан тұтуымыз керек екені тілге тиек етілді. Сабыр Рақымов атындағы әскери колледж ұландары мен Шымкент қаласындағы Сабыр Рақымов атындағы №53 жалпы орта білім беретін мектебі, Түркістан қаласының маңайындағы Ескі Иқан ауылындағы Сабыр Рақымов атындағы №25 жалпыорта білім беретін мектебі, Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Көкібел ауылындағы Сабыр Рақымов атындағы жалпы орта білім беретін мектептерден келген оқушылар генерал туралы өлеңдерін оқып, № 35748 әскери бөлімінің оркестрі музыкалық шығармалар орындап,«Тәуелсіздік» әніне қонақтар тіке тұрып ырзашылық білдірді. Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттері – Мариям Әбдікәрімова, Олеся Мирахимова, Аруна Пернебек Сабыр Рақымовтың генерал Сабыр Рахымовтың келбетін солшарада бейнелеп, оларды кеш өткен құтхана ұжымы мен Батыр атындағы мектептерге табыстады. Кеш соңында аса белсенділік көрсеткен бір топ оқырмандар А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы басшылығының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Феруза КЕНЖЕВА,
А.С.Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасының кітапханашысы.