ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

Руханият Қоғам
274 Views

Қыркүйек айының 18-інші жұлдызында, еліміздің айтулыжоғарғы оқу орындарының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында Кенжеболат Махмұтұлы Жолдыбайдың“Әркімнің жолы – әртүрлі сапар” атты кітабының таныстырылымы өтті.

Журналист-публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері,”Құрмет” орденінің иегері Кенжеболат Жолдыбайдың кезекті туындысы университетіміздің Ғылыми кітапханасындағы Ақселеу Сейдімбек залындатаныстырылып, оқырман назарына қаламгердің соңғы жылдары баспасөзде жарықкөрген, қазақ және орыс тілдерінде жазылған публицистикалық мақалалары,сұхбаттары , пікірлері ұсынылды. Сонымен қатар жазушы адал еңбекті қолдай отырып, адамдар арасында ар тазалығы, игілік, ізгілік сынды құндылықтардың болуын туындыларына арқау еткен. Кітап әртүрлі жастағы аудиторияға арналған.

Аталмыш шараның шымылдығын Бас редакторлар клубының 1-інші вице-президенті профессор Мұратбек Тоқтағазин ашып, іс-шара тізгінін өз қолына алды. Шараның басты мақсаттарының бірі – марқұм Кенжеболат Жолдыбай туралы ақпарат беріп, жаңа кітап мазмұнымен таныстыру.

Таныстырылым шарасына мемлекет және қоғам қайраткерлері,Бас редакторлар клубының мүшелері, Еуразия ұлттық университетінің профессорларымен студенттері және бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдар өкілдеріқатысты.           Таныстырылымды оқуордасы басшылығы атынан ашу үшін сөз кезегі ЕҰУ Басқарма мүшесі – Ғылым,коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор, саясаттанушы Құрманғалиева Жанна Дулатқызына беріліп, ол Кенжеболат Жолдыбаймен бірге қызметатқарған жылдарын, оның азаматтық қасиеттерін тебірене еске алды.

Осы шараны ұйымдастырушылардың бірі, Бас редакторлар клубының президенті, ҚР Парламенті Сенатының депутаты – Бибігүл Жексенбай өз сөзінде Кенжеболат Жолдыбайдың киелі сөздің майталманы, мемлекетіміздің азаматтық институтына қосқан үлесіне тоқталды. Қаламгердің Бас редакторлар клубында бірқатар шаралардың бастамасында болғанын айрықша айта кетті.

Рухани шараны ұйымдастыруға мұрындық болған зиялы азаматтардың бірі, университетіміздің журналистика және саясаттануфакультетінің деканы, белгілі алаштанушы ғалым, профессор Қайрат Сақ аталмышкітаптың журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне оқу құралыретінде қызмет ететіндігін атап көрсетіп, Кенжеболат Жолдыбай мұрасының руханибай тәжірибесінің құнды екендігін жиналғандарға жан-жақты жеткізді.

Сөз сөйлеушілер Кенжеболат Жолдыбай кітабының барша құндылықтарын, адамзат тағылымына берер айрықша ерекшеліктері мен ғибратты сәттерін айтып, “Кенжеболат аға дәл бүгін ортамызда отырғандай,”– депқаламгерді сағына есіне алды

Келесі бір сәтте “Әркімнің жолы – әртүрлі сапар” аттыКенжеболат Махмұтұлы Жолдыбайдың мақалалар мен естеліктер кітабының лентасысалтанатты түрде кесілді. Лента кесу құрметіне Жанна Құрманғалиева, Бибігүл Жексенбай, Мұхамбет Көпей,Серік Негимов, Марат Башимов, Дихан Қамзабекұлы, Қайрат Сақ,Жолтай Әлмашұлы, Мұратбек Тоқтағазин, СерікТілеубаев, Әкім Ысқақ, Төкен Қорғанбекова шақырылды. Кітапоқырмандарға жол тартты.

Кеш бойы қаламгердің өмір жолынан, тағдырынан мағлұмат берер бейнекөріністер көрсетіліп отырды. Кешті ары қарай жалғаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, белгілі журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіптің бейне лебізі жиналғандарды елең еткізді. Сонымен қатар Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалидан арнайы Құттықтау-хаты оқылды. Бас редакторлар клубының мүшесі, журналист-ғалым Қанат Әуесбай өңір тұрғындарының ыстық лебізін жеткізді. Кенжеболат Жолдыбай өз өңірінің ғана емес республикалық деңгейде қызмет атқарып, өзінің айрықша қолтаңбасын мемлекеттік қызметтерде қалдырған, еліміздің тәуелсіздігін болаттай берік етіп бекіту жолында тынбай еңбек еткен ұлт азаматы екендігі айтылды.

Аталмыш шараға қаламгердің туған өңірі – Ұлытаудан белгілі журналист, “Ұлытау” телерадиокомпаниясының креативті директоры, Ақпарат саласының үздігі, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Үмбетова Базаркүл Сейітжанқызы арнайы іссапармен келіп қатысты. Ол Кенжеболат Жолдыбай туралы көлемді видеохабар әзірлеп, Ұлытау облыстық телеарна эфирінен көрермендерге көрсетпек. Осындай тамаша ақпарат жиналғандардың көңілін қуанышқа бөледі.

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы: “Кенжеболат Жолдыбайдың бойындағы зиялы қасиеті Ұлытау мен ата– бабаларының қанынан дарыған”-, деп қаламгердің ізгі – қасиеттерін, ұлт қамы үшін жан аянбай атқарған қызметтерін еске алып, кешегі ұлы тұлғалар Алаш зиялыларының жолын жалғастырғанын айтты.

Алқалы басқосуда сондай-ақ жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлы-Жұмат, Парламентіміздің экс-депутаты, тұңғыш қазақша заң жобасын жазған қайраткер Әкім Ысқақ, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Серік Тілеубаев, дінтанушы Яхия қажы, «Казконтент» АҚ басқарушы директоры, Бас редакторлар клубының мүшесі Махат Садық, ғалым Шахмаран Сейілов, Астана қаласы мемлекеттік архивінің Ғылыми-зерттеу және ақпараттық-түсіндіру жұмысы қызметінің басшысы Ғазиза Исахан сынды зиялылар да өз лебіздерін білдіріп, қаламгер жайлы ой толғады.

Кенжеболат Жолдыбайұлын еске алып, құнды әрі қызықты деректерімен бөліскен әрбір жан қаламгердің өмір жолының өнегелі тұстарын тебірене еске алды. Өлмейтұғын артына із қалдырған тұлғаға студенттер назарын аударып, кітапқа деген қызығушылықтарын оятты. Әрбір оқыған жан кітаптың көркем тілінің ерекшелігін тілге тиек етті.

Рухани шараның соңында Кенжеболат Жолдыбайұлының жұбайыТөкен Қорғанбекова жиналған қауымға өз алғысын білдіріп “Әркімнің жолы– әртүрлісапар” атты кітаптың едәуір бөлігі музей, кітапханаларға тегінжеткізілетіндігін айтып, таныстырылымды ұйымдастырушылар мен жиналған қауымғаалғысын білдірді. Таныстырылымның өтуіне ЕҰУ-нің Ғылыми кітапханасы қолдау көрсетті.

Аяжан ЕРБОЛ,

ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетінің студенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *